|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы
2008 жылғы 5 ақпандағы № 18-IV ҚР Заңымен ратификацияланды 2008 жылғы 5 тамызда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметi 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің 2006 жылғы 17 шілдедегі Қарашығанақ кен орнының газын өңдеу және сату саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы бірлескен декларациясының ережелерін ескере отырып, Тараптардың оны іске асыру жөніндегі іс-қимылдарын келісу мақсатында, газ саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға және Қазақстан Республикасының Қарашығанақ кен орнының және Ресей Федерациясының Орынбор облысы кен орындарының көмірсутегі шикізатын өңдеу саласында өзара тиімді жағдай жасауға ықпал етуге ниет білдіре отырып, мына төмендегілер туралы келісті:
Тараптар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Газпром» ашық акционерлік қоғамына (бұдан әрі - уәкілетті ұйымдар) Ресей Федерациясының Газбен жабдықтау бірыңғай жүйесінің бір бөлігі болып табылатын Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамды (бұдан әрі - бірлескен кәсіпорын) тепе-тең негізде құруға жәрдем көрсетеді. Бірлескен кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны, сондай-ақ оның жарғылық капиталын қалыптастыру тәртібі мен оның мөлшері Тараптардың құзыретті органдарымен келісілген шарттармен құрылтайшы құжаттарда белгіленеді. Уәкілетті ұйымдар өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне хабарлайды және тиісті құқықтық мұрагерлікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.
Бірлескен кәсіпорын осы Келісімнің мәніне және мақсаттарына сәйкес көрсетілген келісім-шарттардың талаптарында жылына кемінде 15 млрд. текше м. көлемінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген шикі газды сатып алуды әрі бірлескен кәсіпорынның қуаттарында өңдеуді және бірлескен кәсіпорын өңдеген Қарашығанақ кен орнының газын Қазақстан Республикасының рыногында сату мен оны «Газпром» ашық акционерлік қоғамының бірыңғай экспорттық арнасы арқылы экспорттауды көздейтін ұзақ мерзімді (кемінде 15 жыл) коммерциялық келісім-шарттар жасалған жағдайда құрылады. Бірлескен кәсіпорынға өңдеуге берілетін Қарашығанақ кен орнының көмірсутегі шикізатынан алынатын өнімдерді шығаратын ел - Қазақстан Республикасы болып табылады.
Бірлескен кәсіпорын қызметінің аясына: - Қазақстан Республикасы Қарашығанақ кен орнының көмірсутегі шикізатын өңдеу; - «Газпром» ашық акционерлік қоғамы, оның еншілес қоғамдары мен басқа да ұйымдар Ресей Федерациясында өндірген көмірсутегі шикізатын шарттық негізде өңдеу; - қажетті инвестициялық ресурстарды тарта отырып, Қазақстан Республикасының Қарашығанақ кен орнында және Ресей Федерациясының кен орындарында өндірілген көмірсутегі шикізатын тиімді өңдеу үшін жұмыс істеп тұрған өңдеу қуаттарын, сондай-ақ бірлескен кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын қайта жаңарту, жаңғырту және бәсекеге қабілетті жаңаларын құру жатады. Осы Келісімге қол қойылған күнінен бастап бірлескен кәсіпорын құрылғанға дейін Қарашығанақ кен орнының көмірсутегі шикізатын өңдеу «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Орынборгазпром» жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасында жасалған тікелей шарт бойынша жүзеге асырылады. Осы кезеңге, сондай-ақ бірлескен кәсіпорын Қарашығанақ кен орнының газын Ресей Федерациясының кедендік аумағында өңдеуге рұқсат алғанға дейін осы рұқсатты «ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ресейлік еншілес ұйымына беріледі.
Бірлескен кәсіпорын Орынбор қаласында (Ресей Федерациясы) тіркеледі және өз қызметін Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпорынның бас офисі мен оның басқару органдары Орынбор қаласында (Ресей Федерациясы) орналасады.
Бірлескен кәсіпорынның қуаттарын шикізатпен оңтайлы жүктеу және оның қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Тараптар Уәкілетті ұйымдарға мүдделі ұйымдармен Қарашығанақ кен орнынан тұрақсыз газ конденсатын бірлескен кәсіпорынға өңдеуге жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісім-шарттарды жасасуда жәрдем көрсетеді.
Уәкілетті ұйымдар бірлескен кәсіпорын өңдеген Қарашығанақ кен орнының газын Қазақстан Республикасының рыногына басымды негізде жеткізудің, оның ішінде Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес өзара тиімді шарттарда және Тараптардың Уәкілетті органдары және/немесе олар белгілеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы ұзақ мерзімді келісімдердің негізінде қарсы жеткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды. Осындай қарсы жеткізу тең көлемде және бірдей бағамен жүзеге асырылады. Бұл ретте, қарсы жеткізу бойынша, оның ішінде сатып алу-сату шарттары бойынша газдың бағасы салық салу мақсаттары және кедендік бағаны белгілеу үшін түзетуге жатпайды.
Қарашығанақ кен орнының газын, оны өңдеуге және тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ басқа көздерден газды сатып алу және оны Қазақстан Республикасының ішкі рыногын басымды қамтамасыз ету мақсатында тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін мемлекеттік сатып алулардың мәні болып табылмайды.
Осы Келісімнің орындалуын үйлестіруді және қадағалауды Тараптардың мынадай құзыретті органдары жүзеге асырады:
Өздерінің құзыретті органдары өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы хабарлайды.
Тараптар бір-біріне өз мемлекеттерінің заңнамаларына сәйкес осы Келісімге байланысты мәселелер бойынша ақпарат береді. Тараптардың бірлескен кәсіпорынның қызметі туралы құпия ақпаратты үшінші тараптарға беруі Тараптардың өзара келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Құзыретті органдар арасындағы консультациялар арқылы жоюға болмайтын осы Келісімді түсіндірудегі және қолданудағы келіспеушіліктер дипломатиялық арналар арқылы немесе тиісті хаттамалар ресімделе отырып, Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
Осы Келісім Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын және жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және Тараптардың оның күшіне енуіне үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
2006 жылғы 3 қазан Орал қаласында әрқайсысы орыс және қазақ тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |