|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; 2007 жылғы 14 наурызда «Егемен Қазақстан» және 2007 жылғы 15 наурызда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 806-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Міндетті сақтандыру - егер сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, талаптары тараптардың келісімімен айқындалатын, заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру.»; 2-тармақ алып тасталсын; 4-тармақтағы «сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілерінде жазылған» деген сөздер «, егер сақтандырудың осы түрін реттейтін заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, тараптардың келісімімен айқындалған» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актілерде тәртібі мен талаптары белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу, егер осы заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.»; 2) 807-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «сақтандырудың осы түрін реттейтін» деген сөздер алып тасталсын; 3) 815-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Міндетті сақтандыру туралы заң актілерімен» деген сөздер «Заңнамалық актілермен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 818-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «заңдарда белгіленген мөлшерден артық бола алмайды» деген сөздер «заңнамалық актілермен белгіленеді» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 833-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Сақтандырудың міндетті түрлері кезінде сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен айқындалады.». 2. «Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 11, 76-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 150-құжат; 1999 ж.,№ 21, 787-құжат; 2003 ж., № 6, 34-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 22-құжат): 55-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «мыналарға» деген сөз «сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерге сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 148-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 321-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат): 1) 30-баптың бірінші бөлігіндегі «міндетті түрде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 31-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) пайдаланушы Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес сақтандыру шарасын жасамаса, жарамсыз деп танылады.». 4. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат): 1) 7-бапта: алтыншы абзацта: «міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандырылуға,» деген сөздер алып тасталсын; «орындау» деген сөзден кейін «үшін оларды тарту» деген сөздермен толықтырылсын; жетінші абзацта: «зейнетақымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 18-баптың екінші бөлігіндегі «міндетті түрде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж, № 6, 69-құжат; 1998 ж.,№ 24, 436-құжат; 2000 ж.,№ 8, 187-құжат; 2004 ж., 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж.,№ 1, 5-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат): 1) 28-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құтқарушыларды сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Құтқарушылардың отбасы мүшелерін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»; 2) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын: «30-бап. Ерікті авариялық-құтқару құрамаларының құтқарушыларын, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тартылатын құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарды әлеуметтік қорғау кепілдіктері Осы Заңның 28 және 29-баптарында көзделген құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер ерікті авариялық-құтқару құрамаларының құтқарушыларына, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылған кезде, құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарға қолданылады.». 6. «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 83-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат): 18-баптың 3-тармағының бесінші абзацындағы «асыруды;» деген сөз «асыруды қамтамасыз етеді.» деген сөздермен ауыстырылып, алтыншы абзацы алып тасталсын. 7. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат): 10-бапта: тақырып және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10-бап. Сот приставтарын әлеуметтік қорғау шаралары 1. Сот приставтарын міндетті сақтандыру бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.»; 2-тармақ алып тасталсын; 3-тармақтағы «сақтандыру сомасы» деген сөздер «өтемақы» деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «сақтандыру сомалары» деген сөздер «өтемақылар» деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақта: бірінші сөйлемдегі «сақтандыру сомасы» деген сөздер «өтемақы» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте осы бапта көзделген біржолғы өтемақылар басқа төлемдерге, соның ішінде сақтандыру төлемдері мен зиянды өтеу тәртібімен жасалатын төлемдерге қарамастан төленеді.»; 6-тармақтағы «сақтандыру сомасы» деген сөздер «осы бапта көзделген біржолғы өтемақы» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат): 6-бапта: тақырыптағы «жеке» деген сөз алып тасталсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілер қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.». 9. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар): 1) 6-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актісімен айқындалатын міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылады.»; 2-тармақтың 5) тармақшасындағы «өкілеттіктерін айқындауға тиіс.» деген сөздер «өкілеттіктерін;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын: «6) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың), жәбірленушілердің (пайда алушылардың) және олардың өкілдерінің жазбаша және ауызша өтініштерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары мәселелері бойынша келіп түсіп жатқан өтініштер мен құжаттарды тіркеу тәртібін; 7) сақтандыру жағдайларының мәселелері жөніндегі өтініштер мен құжаттар бойынша оларды қарау және сақтанушыларға (сақтандырылушыларға), жәбірленушілерге (пайда алушыларға) жауап беру тәртібін; 8) сақтандыру төлемі туралы шешімді қабылдау рәсімін айқындауға тиіс.»; 4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: «Актуарий өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.»; 3) 19-баптың 4-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын; 4) 26-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Сақтандыру ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін сатып алуға ниеттенген ірі қатысушы мәртебесін алу жөніндегі осы Заңның талабы өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымына қолданылмайды.»; 5) 26-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруден бас тарту негізі уәкілетті орган елінің қадағалау органымен ақпарат алмасу туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алатын жағдайларға қолданылмайды.»; 6) 32-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын: «11. Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы рейтингтік агенттіктердің біреуінің ең аз талап етілетін рейтингісі болған кезде Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бола алады. Ең аз рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»; 2) тармақша «пруденциялық нормативтерді» деген сөздерден кейін «(активтерді әртараптандыру нормативін қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болмауы, сондай-ақ филиалды әділет органдарында есептік тіркеген күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының бірінші бөлігінде (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уәкілетті органға есептілікті не өзге де сұралатын ақпаратты ұсынуы мәселелері бойынша), бесінші, сегізінші, оныншы, он бірінші бөліктерінде, 174 және 175-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану түріндегі санкцияларды қолданбауы болып табылады.»; 8) 37-баптың 6-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілуін растайтын құжаттарды табыс етеді.»; 9) 43-баптың 9-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындайды;»; 10) 46-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Уәкілетті орган ипотекалық сақтандыру жөніндегі және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең аз деңгейіне, сондай-ақ ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қосымша талаптар белгілеуге құқылы.»; 11) 48-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.» деген сөздер «сатып алудан;» деген сөздермен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) сақтандыру ұйымы міндетті сақтандыру шарттары бойынша мәжбүрлеп таратылған кезде сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қордың акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.»; 12) 53-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «шығындылық коэффициенттері» деген сөздер «шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, аралас коэффициент)» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) сақтандыру сыйлықақысының негізделмеген мөлшерін қолданудан, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан негізсіз бас тартудан, сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаудан, сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізудің талаптары мен тәртібінен туындайтын міндеттерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан көрінетін сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін бұзу фактісі анықталған;»; 9) тармақша «төтенше жарналарды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ қосымша жарналарды» деген сөздермен толықтырылсын; 14) 55-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын: «2-2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заңнамалық актілерін бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзған;»; 15) 75-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «75-1-бап. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүргізу кезінде өз қызметіне талдау жасау мақсатында шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептейді. 2. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттер (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, аралас коэффициент) - сақтандырудың барлық не жекелеген сыныптарын (түрлерін) жүзеге асыру кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің шығындылығын көрсететін салыстырмалы көрсеткіштер. Шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»; тақырып «ұйымы» деген сөзден кейін «және сақтандыру брокері» деген сөздермен толықтырылсын; «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы» деген сөздерден кейін «және сақтандыру брокері» деген сөздермен толықтырылсын. 10. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат): 9-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «заңдарына» деген сөз «заңнамалық актілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын. 11. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18 құжат): 1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын айқындайды.»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері - осы Заңда көзделген жағдайларда өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушіге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдарға төленетін ақша сомасы;»; 3) тармақшадағы «міндетті сақтандыру туралы» деген сөздер «сақтандырудың міндетті түрін реттейтін» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) қосымша жарна - осы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі түріндегі ақша сомасы;»; мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: «9-1) жәбірленуші - өзге тұлғаның көлік құралын пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген тұлға;»; мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) зиянды өтеу резерві - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры бастапқы біржолғы жарналар мен қосымша жарналар есебінен қалыптастыратын, тек қана осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшін пайдаланылатын ақша сомасы;»; 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - міндетті жарналар, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол мәжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымынан алған және кепілдік, өтемақы төлемдерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтірілген зиян мөлшерін анықтауға байланысты шығыстар мен кепілдік және өтемақы төлемдерін және осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша есебінен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы;»; 3) тармақша 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді 3) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қатысушы-сақтандыру ұйымдары Қордың акционерлері болып табылады.»; 1) тармақша «міндетті және төтенше жарналарының» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңда көзделген қосымша жарналардың» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдер мөлшерін белгілеу;»; 5) тармақша 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді 5) 7-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қор осы Заңның 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алады.»; тақырыптағы «міндеті» деген сөз «міндеттері» деген сөзбен ауыстырылсын; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қордың негізгі міндеттері: 1) қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 2) осы Заңда көзделген жағдайларда көлік оқиғасы нәтижесінде өзге тұлға өміріне, денсаулығына зиян келтірген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 2. Қор негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды: 1) осы Заңға сәйкес кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыруды; 2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарын тартуды; 3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қосымша жарналарын тартуды; 4) осы Заңға сәйкес жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруды; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен инвестициялық қызметті жүзеге асырады.»; 7) 10-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қатысушы-сақтандыру ұйымында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензия болғанда, қатысу шартына мынадай талаптар: 1) қосымша жарналарды төлеу тәртібі; 2) тараптардың жауапкершілігі міндетті түрде енгізілуге тиіс.»; 8) тармақша 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді 8) 12-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы Заңда көзделген жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резерві жеткіліксіз болған жағдайда Қор ағымдағы тоқсанның аяғына дейін Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын пайдалануға құқылы. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін қалпына келтіру үшін Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің пайдаланылған сомасы мөлшерінде төтенше жарналарды тартады.»; 9) тармақша 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді 9) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын: «5-1-тарау. Қордың жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері 17-1-бап. Жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді алу құқығы 1. Қор көлік оқиғасы орнынан жасырынған және жәбірленушіге зиян келтіруге жауапты адам анықталмаған жағдайда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді (бұдан әрі - зиянды өтеу бойынша төлем) төлейді. Қор жәбірленушінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді денсаулыққа ауыр зиян келтірілгенде ғана жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдерді алуға құқығы бар. Осы құқық қолдарында жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды. 3. Жәбірленушінің не осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдардың зиянды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі талабы, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген адамдардың жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі талабы Қорға осы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |