|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар, № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 548-баптың бірінші бөлігіндегі және екінші бөлігінің үшінші абзацындағы «175 (екінші бөлігінде, бұл бұзушылықтарды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарының иелері немесе тасымалдаушылар жасаған кезде),» және «470 (үшінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жасалса),» деген сөздер алып тасталсын; 2) 555-бап мынадай редакцияда жазылсын: «555-бап. Кеден органдары 1. Кеден органдары осы Кодекстің 140 (бірінші бөлігінде), 141, 357-2 (бірінші бөлігінде), 400-404, 405 (екінші және үшінші бөліктерінде), 406-408, 411, 412, 422, 425, 431, 435, 438-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды. 2. Кеден органдары осы тармақта аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалса, осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде), 220, 240 (бірінші бөлігінде), 247, 294 (бірінші бөлігінде), 323 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші және үшінші бөліктерінде), 447-1 (бірінші бөлігінде), 447-2, 447-3, 460 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 461 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 6-1) бөліктерінде), 463 (екінші және үшінші бөліктерінде), 467-1, 470 (үшінші бөлігінде), 477 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды. 3. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.»; 3) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының отыз екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «кеден органдарының (140 (екінші бөлігі), 405 (бірінші бөлігі), 409, 410, 413-415, 417, 418, 421, 423, 424, 426-430, 432-434-баптар), сондай-ақ осы Кодекстің 323 (екінші бөлігінде), 357-1, 461 (үшінші бөлігінде)- баптарында көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);». 2. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 144-құжат; № 23, 173-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; 2009 ж., № 17, 80, 81-құжаттар; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 2 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 7 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «7-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) бірлескен бақылау - бақылау рәсімін жеңілдету үшін, шектес мемлекеттердің кеден және бақылаушы органдары бірлесіп және келісіп қолданатын және жүзеге асыратын, көрсетілген мемлекеттердің кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты іс-әрекеттердің, шаралардың, бақылау әдістерінің, құралдары мен нысандарының жиынтығы; 2) декларант - тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға не тауарлар мен көлік құралдарын өз атынан декларациялайтын, білдіретін және ұсынатын кеден брокері; 3) декларациялау - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және (немесе) кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтерді мәлімдеу; 4) жөнелтуші кеден органы - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау басталатын Қазақстан Республикасының кеден органы; 5) жүк операциялары - кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, орамның зақымданған жерлерін жөндеу, орау, қайта орау және тасымалдау үшін қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу, көрсетілген тауарлар болуы мүмкін үй-жайлар мен басқа да орындарды ашу; 6) кедендік алымдар - Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу, кедендік алып жүру үшін, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының кеден органдары бекітетін қоймаларда сақтау үшін алатын кедендік төлем түрлері; 7) кедендік алып жүру - Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын алып жүруі; 8) кедендік әкімшілік жүргізу - Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық және өзге де іс-әрекеттер мен шаралар жиынтығы; 9) кедендік баж - Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелген кезде немесе тауарды аталған аумақтан әкеткен кезде алатын және осындай әкелу немесе әкетудің ажырамас шарты болып табылатын кедендік төлемнің түрі; 10) кедендік бақылау - Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы; 11) кедендік бақылаудағы тауарлар - осы Кодекске сәйкес кедендік бақылау жүзеге асырылатын тауарлар; 12) кедендік декларация - тауарлар мен көлік құралдары туралы декларант мәлімдеген мәліметтерді жазбаша және (немесе) электрондық түрде растайтын құжат; 13) кедендік инфрақұрылым - Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден органдарының лауазымды адамдарына әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен құрылыстар; 14) кедендік операциялар - кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының кеден органдары да, тұлғалар да Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жасайтын жекелеген іс-әрекеттер; 15) кедендік рәсімдер - Қазақстан Республикасының кеден органдары мен кеден ісі саласындағы тұлғалардың кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жасайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы; 16) кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, осы Кодексте белгіленген нормалардың жиынтығы; 17) кедендік ресімдеу - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты тұлғалар және Қазақстан Республикасының кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер мен рәсімдердің жиынтығы; 18) кедендік тариф - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген тізбесі; 19) кеден терминалы - Қазақстан Республикасы кеден органының қызмет аймағындағы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік ресімдеу және (немесе) кедендік операциялар жасауға арнап арнайы жайластырылған, техникамен жарақтандырылған және жабдықталған орын; 20) кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету - осы Кодексте көзделген кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың осы Кодексте белгіленген тәсілдері; 21) коммерциялық құжаттар - шот-фактуралар, арнайы тізбелер, тиеу және орау парақтары, сондай-ақ тауарлар туралы мәліметтерді, оның ішінде тауарлардың құнын растайтын және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар; 22) көлік құжаттары - халықаралық автомобиль жүк құжаттамасы, темір жол көліктік жүк құжаттамасы, багаж тізімдемесі, багаж түбіртегі, әуе жүк құжаттамасы, коносамент, сондай-ақ тауарларды құбыр тасымалымен және электр беру желілері арқылы өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар мен Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесе жүретін өзге де құжаттар; 23) көлік құралы - халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру үшін қолданылатын және осы көлік құралдарымен бірге тасымалданатын болса, олар үшін техникалық паспортпен немесе техникалық формулярмен көзделген қосалқы бөлшектерді, керек-жарақтары мен жабдықтарды, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары мен салқындату сұйықтарын қоса алғанда, теңіз, ішкі су, әуе кемесі, механикалық көлік құралы; 24) қазақстандық тауар - толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген, жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында қайта өңделген, Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналыс үшін шығарылған, осы Кодекске сәйкес мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауар; 25) қазақстандық тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адам, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген дара кәсіпкер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға; 26) мамандандырылған кеден мекемелері - кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік мекемелер; 27) межелі кеден органы - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау аяқталатын Қазақстан Республикасының кеден органы; 28) өткізу пункті - адамдарды, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы өткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары белгілеген автомобиль, темір жол вокзалдарының, станцияның, әуежайдың, аэродромның, теңіз, өзен порттарының не өзге де жабдықталған орынның шегіндегі аумақ (аумақтың бір бөлігі); 29) салықтар - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты алынуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қосылған құн салығы мен акциз; 30) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы тұлға; 31) тарифтік емес реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға (оның ішінде техникалық, фармакологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестігін растау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар; 32) тарифтік реттеу шаралары - тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік тарифті пайдалана отырып, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шаралар; 33) тасымалдаушы - тауарларды іс жүзінде өткізуші не көлік құралын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға; 34) тауар - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мүлік, оның ішінде ақпарат жеткізгіштер, валюталық құндылықтар, энергияның электр, жылу және өзге де түрлері, сондай-ақ осы баптың 23) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарынан басқа көлік құралдары; 35) тауарларды алушы - кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге тасымалдаушы міндетті болатын тауардың ілеспе құжаттарында аталған тұлға; 36) тауарлар мен көлік құралдарын жіберу - Қазақстан Республикасы кеден органдарының тұлғаларға белгілі бір кедендік режимнің шарттарына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге рұқсат беру жөніндегі іс-әрекеті; 37) тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу - тауарлар мен көлік құралдарын халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберуді, құбыр тасымалы мен электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету жөнінде іс-әрекеттер жасау; 38) тауарларды өткізуші тұлға - өз атынан не басқа тұлғаның тапсырмасы бойынша сыртқы экономикалық мәміле жасаушы тұлға; егер тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу қазақстандық тұлғаның сыртқы экономикалық мәмілелер жасауынсыз жүзеге асырылатын болса, Қазақстан Республикасының аумағында кедендік бақылаудағы тауарларды пайдалану мен оларға иелік ету құқығы бар тұлға; 39) тауарларға ілеспе құжаттар - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына арналған коммерциялық және көлік құжаттары; 40) топтасып тасымалдау - бір көлік құралымен бір мезгілде бірнеше жөнелтушінің немесе алушының жүктері өткізілетін кездегі тасымал; 41) тұлға - жеке және (немесе) заңды тұлға; 42) уәкілетті орган - кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 43) шартты түрде шығару - тауарлар мен көлік құралдарын шектеп және оларды пайдалану мен оларға билік ету жөніндегі шарттарға орай шығару; 44) шетелдік тауар - осы баптың 24) тармақшасында көрсетілмеген тауар; 45) шетелдік тұлға - осы баптың 25) тармақшасында аталмаған тұлға; 46) ырық бермес күштің әсері - нақты бір жағдайлар кезіндегі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген белгілі бір әрекеттерді жасауға кедергі келтіретін төтенше және ырық бермейтін оқиға; 47) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; 48) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны; 49) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы. 2. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының басқа да арнаулы ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады. 3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының азаматтық және басқа да салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұл салаларында олар қалай пайдаланылса, сондай мағынада қолданылады.»; «15-бап. Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жатады. Кедендік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары осы Кодексте белгіленген тәртіп пен нысандарда жүзеге асырады. Бірлескен бақылауды шектес мемлекеттердің кеден және бақылаушы органдары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.»; 2) 19-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың кеден органдарына іс-сапарларға жіберілген өкілдерімен бірлесіп (көліктік және санитариялық-карантиндік бақылауды қоспағанда) көліктік, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды жүргізу;»; 3) 23-баптың 10) тармақшасындағы «жүзеге асыруға құқылы.» деген сөздер «жүзеге асыруға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шектес мемлекеттердің кеден және бақылаушы органдарымен бірлескен бақылауды жүзеге асыруға құқылы.»; 4) 27 және 76-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «27-бап. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы 1. Кеден органдары өз функцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен дербес және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілерінің негізінде немесе көрсетілген органдармен келісе отырып жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады. 3. Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты іс-әрекеттердің үйлестірілуін қамтамасыз етеді. 4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады.»; «76-бап. Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты 1. Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын, кеден органдарының тауарлардың жеткізілуін бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті құжат. 2. Уәкілетті орган айқындаған жағдайларда тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты ретінде тауарларға ілеспе құжаттар пайдаланылады. 3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда тауарлардың жеткізілуін бақылау құжаты ретінде осындай шарттармен айқындалған құжаттар пайдаланылады. 4. Тауарлардың жеткізілуін бақылау құжатын ресімдеу, қалыптастыру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»; 5) 96-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Иеленуші өтінішпен бірге: 1) үй-жай немесе ашық алаңша иесінің тіркеу құжаттарының нотариаттық куәландырылған көшірмелерін табыс етуге; 2) уақытша сақтау орындарына арналған аумақтың жоспарларын, үй-жайдың немесе ашық алаңшаның жоспарлары мен сызбаларын табыс етуге; 3) уақытша сақтау орындарына арналған үй-жайға немесе ашық алаңшаға меншік құқығын немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерін табыс етуге; 4) кеден органдарында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың есебінде тұруға тиіс.»; 6) 334-бап мынадай редакцияда жазылсын: «334-бап. Кедендік баждарды төлеу жөніндегі мерзімді кейінге қалдыру немесе ұзарту үшін негіздер 1. Кедендік баж төлеу жөніндегі мерзімді кейінге қалдыру немесе ұзарту әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органына төлеушінің жазбаша өтініші негізінде беріледі. 2. Төлеуші өтінішпен бірге: 1) кеден органдарында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың есебінде тұруға; 2) әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды жеткізуге арналған сыртқы сауда шартын (келісімшартын) табыс етуге; 3) кедендік баж төлеуді қамтамасыз ету туралы құжатты табыс етуге; 4) дара кәсіпкер немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және құрылтай құжаттарына сәйкес күнделікті басшылықты және іс жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғаның лауазымды адамдары қол қойған, әкелінетін тауарларды шикізаттар және (немесе) материалдар ретінде пайдалана отырып жасалатын өндірістің технологиялық схемасын (өндірістің фрагментін) табыс етуге; 5) егер әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды қайта өңдеу Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қызметтің лицензияланатын түріне жатқызылған болса, шикізаттарды және (немесе) материалдарды қайта өңдеу құқығына лицензияның нотариаттық куәландырылған көшірмесін табыс етуге тиіс. 3. Кедендік баждарды төлеу жөніндегі мерзімді кейінге қалдыру немесе ұзарту құқығын растау үшін кеден органдары өндірістік қуатты тексеріп қарауға құқылы.»; 7) 381-бап мынадай редакцияда жазылсын: «381-бап. Есепке алу мақсатында құжаттар ұсыну 1. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды есепке алуды кеден органдары мынадай құжаттардың негізінде және: 1) заңды тұлғалар: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариаттық куәландырылған көшірмесін немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін есептік тіркеу туралы куәлікті; статистикалық басқарма беретін статистикалық карточканың көшірмесін; заңды тұлғаның банк шотының ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы; салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін; 2) декларациялау кезінде жүктің кедендік декларациясы қолданылуға тиіс тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуді жүзеге асыруға ниеттенетін жеке тұлғалар: жеке тұлғаның жеке куәлігін; салық органы берген салық төлеуші куәлігінің көшірмесін; егер жеке тұлғаның банкте шоты болса, банк шотының ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы ұсынған кезде электронды (автоматтандырылған) түрде жүргізіледі. 2. Есепке алу үшін табыс етілетін құжаттардағы мәліметтер өзгерген кезде, декларант өзгертілген мәліметтерді растайтын құжаттарды сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны есепке қойған кеден органына күнтізбелік он бес күн ішінде табыс етуге міндетті. 3. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының қалауы бойынша оған есепке алу туралы мәліметтер сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың есептік тіркелуіне жауапты кеден органының лауазымды адамының жеке нөмірлі мөрімен расталған қағаз жеткізгіште беріледі.»; 5-тармақтың 10) тармақшасы алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Жүктің кедендік декларациясын беру кезінде кеден органдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың есебіне сәйкес растайды.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |