2018 жылы педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңі Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Ұлттық тестілеу орталығы) (Р.С. Әлімқұлов) Ұлттық біліктілік тестілеуді жүргізетін ұйым ретінде анықталсын. 2. Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді өткізетін пункттердің базасында 2018 жылғы 1-10 қарашаға дейінгі аралықта педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудың бірінші кезеңі - Ұлттық біліктілік тестілеуді қағаз форматында ұйымдастырсын және өткізсін. 3. Мыналар: 1) Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізетін пункттердің тізімі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдері, апелляция төрағалары және программисттерінің тізімі осы бұйрыққа 2-қосымшағасәйкес; 3) ағымдағы жылы аттестаттауға жатпайтын педагог қызметкерлер арасынан Республикалық апелляциялық комиссияның құрамы осы бұйрыққа 3-қосымшағасәйкес бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Ұлттық тестілеу орталығымен (Р.С. Әлімқұлов) бірлесіп педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|