ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 1) 33-баптың 1-тармағы алтыншы бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) кепілге беру кезінде, сондай-ақ кепіл беруші (борышкер) өз міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдермен орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепіл нысанасын өткізген кезде немесе ол кепіл ұстаушы - екінші деңгейдегі банкке өткен кезде, оның ішінде кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мақсатында кепіл нысанасын өткізген кезде, кепіл ұстаушы - екінші деңгейдегі банк өзіне өткен кепіл нысанасын өз талаптарын қанағаттандыру есебіне кейіннен өткізген кезде, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен банкроттық немесе оңалту рәсімдерін жүргізу барысында кредиторға, оның ішінде кепілді кредиторға оның талаптарын қанағаттандыру немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын іске асыру есебіне, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру кезінде;»; 2) 44-баптың 8-тармағының бірінші бөлігі «жерлерін» деген сөзден кейін «балық өсіру шаруашылықтарын орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 48-баптың 1-тармағында: мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын: «5-3) күрделі құрылыссыз балық шаруашылығын жүргізу мақсатында, бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскеге іргелес жатқан жер учаскелерінде балық өсіру объектілерін және оларға қызмет көрсету жөніндегі коммуникацияларды орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға;»; 14-1) тармақша алып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|