«Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10112 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін: Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықта: 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «38. Зияткерлік меншік құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының әділет органдарының басшысы және оның орынбасарлары Кодекстің 230 (екінші бөлігі) (егер осы бұзушылықты жеке нотариус жасаса), 457, 459, 466, 468, 491, 670, 671, 672 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық iстердi қарайды және әкiмшiлiк жазалар қолданады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|