«Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10937 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 1-2-тармақ алып тасталсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аукцион - жеке және заңды тұлғаларға сауда-саттық объектісін сатуға бағытталған сауда-саттықты өткізу нысанында қатысушылардың ұсынған бағасы сауда-саттық жеңімпазын айқындау басты өлшемшарты болып табылады; 2) аукционшы - аукцион өткізетін адам; 3) бастапқы баға - әрбір сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) басталатын баға; 4) ең төменгі баға - объектіні бұдан төмен бағаға сатуға болмайтын баға. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|