Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында: 2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында: 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: мынадай мазмұндағы 036 және 104 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын: «036 Салық заңнамасын өзгертуге байланысты салық органдарының ақпараттық жүйелерін жаңғырту 104 Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»; 03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында: 9 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер» функционалдық кіші тобында: 221 «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: мынадай мазмұндағы 010 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: «010 Халыққа «жалғыз терезе» принципі бойынша қызмет көрсету»; 07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында: 1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында: 243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|