2018 жылға арналған субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және өсімдіктерді қорғау құралдарының 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13717 болып тіркелді) бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2018 жылға арналған субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесі және өсімдіктерді қорғау құралдарының 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «2018 жылға арналған субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және өсімдіктерді қорғау құралдарының 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 199 қаулысының (2018 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4844 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|