Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Осы редакция 2019 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 21 600 (жиырма бір мың алты жүз) теңге мөлшерінде көрсетіледі. 2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) келесі тәртібі белгіленсін: 1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган - «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады; 2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) (әрі қарай - көрсетілетін қызметті алушы) әлеуметтік қолдауды алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге еркін түрде өтінішпен жүгінеді және келесі құжаттарды береді: жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін қажет); тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|