Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жауапты хатшысының 2010 жылғы 2 маусымдағы № 97 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) өз қызметін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес энергетикалық қадағалау саласындағы реттеуші, бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 2. Комитеттің өз құрылымында орталық аппараты мен аумақтық органдары болады. 3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауымен мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Комитеттің, егер ол осыған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 7. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің штат саны шегінде бірінші басшымен келіскен соң Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді. 8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10 үй. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|