Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы (2010.19.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 6 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы » Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2010.19.03. № 219 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Фильтрлі сигареттерге (қорап): ұзындығы таңдалған шамадан ± 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 45-тен 85 миллиметрге дейін алпыс теңге мөлшерінде; ұзындығы таңдалған шамадан ± 1,0 миллиметрге шекті ауытқумен 87,1-ден 160 миллиметрге дейін жетпіс теңге мөлшерінде ең төмен бөлек баға белгіленсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
|