Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2014.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін. 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың (келісім бойынша) бірінші басшылары Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2014.27.10. № 1139 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын 1 ақпанға және 1 тамызға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2014.27.10. № 1139 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.27.10. № 1139 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 78 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|