Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған мынадай салықтық өтініштердің нысандары бекітілсін: 1) құжаттық тексеру жүргізу туралы; 3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы; 4) салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы; 5) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы; 7) салық резиденттігін растауды алуға; 8) Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға; 9) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға; 10) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы; 11) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға; 12) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы; 13) шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдануға; 14) шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы; 15) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануға; 16) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы; 17) тіркеу есебіне қою туралы; 18) тіркеу есебінен шығару туралы; 19) дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі туралы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|