|
|
|
Жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеу проблемалары: отандық тәжірибе және шетелдік жүзе
Елубаев Жұмагелді Сәкенұлы
Қазақстандық мұнай және газ саласындағы заңгерлер ассоциациясының президенті (KPLA), «Шеврон» халықаралық энергетикалық корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы құықықтық кеңесшісі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экологиялық және аграрлық құқық кафедрасының доценті. Төрешілерідң Корольдік Институтының (Member of the Chartered Institute of Arbitrators, «MCIArb») мүшесі, Англия-Ресей заңгерлер ассоциациясының мүшесі, бірнеше коммерциялық төрелік соттардың төрешісі. РСФСР, Омбы облысында туылған. Свердлов заң институтының соттық прокуратуралық факультетін аяқтады. Әр жылдары Свердловск қаласындағы Ішкі істер бөлімінде көліктегі инспектор, РСФСР Свердловск облысының Ивдель қалалық халық сотында төреші, Алма-Ата қалалық сотында қылмыстық істер жөніндегі төрағасының орынбасары, Қазақстанның Компартиясының ОК мемлекеттік-құқықтық бөлімінде нұсқаушы және кеңесші, Қазақстан Республикасының Жоғары Сотында төреші, Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорынының келісімшарттық-құқықтық бөлімінде бас менеджер қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасының бірнеше заңдарын дайындауға қатысты, атап айтқанда «Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы», «Прокуратура туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Адвокаттық қызмет туралы», «Сот приставтары туралы», сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалды, Азаматтық, Азаматтық-процессуалды кодекстерін дайындауға қатысты. Бірнеше «Сот приставтары туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» сияқты заңнамалық актілерін, сонымен қатар Қылмыстық Кодексті Қазақатан Республикасы оның баяндамасымен қабылдады. «Вестник Верховного Суда РК» (ҚР Жоғары сот жаршысы), «Заң және Заман» журналының редакциялық коллегиясының мүшесі болды. Орыс және ағылшын тілдерінде шығатын «Недропользование и право» (Жер қойнауын пайдалану және құқық) журналын құрушы және бас редакторы. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамытуда қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» меделімен марапатталды. 100-ден астам ғылыми басылымдардың авторы, соның ішінде: «Мысли о праве» (Құқық туралы ойлар), «Ответственность за преступления в сфере финансово-кредитных отношений» (Қаржылық кредиттік қатынастар саласындағы қылмыстар бойынша жауапкершілік) (орыс және ағылшын тілінде шыққан монография); «Проблемы нормативного регулирования добычи, производства, хранения и транспортировки серы» (Күкіртті шығару, өндіру, сақтау және тасымалдауды нормативтік реттеу мәселелері) (ғылыми практикалық әдістеме); «Недропользование и право в Республике Казахстан» (Қазақстан республикасында жер қойнауын пайдалану және құқық); «Проблемы правового регулирования недропользования: отечественный опыт и зарубежная практика» (Жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеу мәселелері: жергілікті тәжірибе және шетелдік практика); «…И распахнется моя душа» (автобиографиялық әңгіме). 2010 жылы «Жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеудің теориялық және әдістемелік мәселелері: жергілікті тәжірибе және шетелдік практика» тақырыбында Заң ғылымдары докторы ғылыми дәрежесін алу үшін жазған диссертациясын ойдағыдай қорғады.
Елюбаев Жумагельды Сакенович
Президент Казахстанской Ассоциации юристов нефтегазовой отрасли (KPLA), Управляющий правовой советник Евразийского подразделения международной энергетической корпорации «Шеврон», доцент кафедры экологического и аграрного права Казахского национального университета им. аль-Фараби. Является членом Королевского Института Арбитров (Member of the Chartered Institute of Arbitrators, «MCIArb»), членом Англо-Российской Ассоциации юристов, арбитром ряда коммерческих арбитражей. Родился в Омской области РСФСР. Окончил судебно-прокурорский факультет Свердловского юридического института. В разные годы работал инспектором Отдела внутренних дел на транспорте в городе Свердловске, судьей Ивдельского городского народного суда Свердловской области РСФСР, заместителем председателя по уголовным делам Алма-Атинского городского суда, инструктором и консультантом гсоударственно-правового отдела ЦК Компартии Казахстана, судьей Верховного Суда Республики Казахстан, заместителем Генерального прокурора Республики Казахстан, Вице-Министром юстиции Республики Казахстан, Генеральным менеджером Договорно-правового отдела совместного предприяия «Тенгизшевройл». Участвовал разработке ряда законов Республики Казахстан, в частности «О судах и статусе судей», «О прокуратуре», «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей», «Об адвокатской деятельности», «О судебных приставах», а также в разработке Уголовного, Уголовно-процессуального, Гражданского и Гражданского процессуального кодексов Республики Казахстан. Несколько законодательных актов, такие как «О судебных приставах», «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей», а также Уголовный кодекс, Парламент Республики Казахстан принял по его докладу. Являлся членом редакционной коллегии журналов «Вестник Верховного Суда РК», «Заң және Заман» (Закон и Время). Инициатор учреждения и главный редактор журнала «Недропользование и право», издаваемого на русском и английском языках. За существенный вклад в развитие правовой системы Республики Казахстан награждён орденом «Курмет» и медалью «10 лет Конституции Республики Казахстан». Автор более 100 научных публикаций, в том числе книг: «Мысли о праве»; «Ответственность за преступления в сфере финансово-кредитных отношений» (монография, вышедшая в свет на русском и английском языках); «Проблемы нормативного регулирования добычи, производства, хранения и транспортировки серы» (научно-практическое пособие); «Недропользование и право в Республике Казахстан»; «Проблемы правового регулирования недропользования: отечественный опыт и зарубежная практика»; «…И распахнется моя душа» (автобиографическая повесть). В 2010 году успешно защитил диссертацию на соискание ученой степени доктора юридических наук по теме: «Теоретические и методологические проблемы правового регулирования недропользования: отечественный опыт и зарубежная практика».
Yelyubayev Zhumageldy Sakenovich
President of Kazakhstan Petroleum Lawyers Association (KPLA), Managing Legal Counsel, Eurasia Business Unit, of Chevron Corporation, an energy company, Associate Professor of the Chair of Environmental and Agricultural Law of the Al-Farabi Kazakh National University. Member of the Chartered Institute of Arbitrators, (MCIArb»), Anglo-Russian Law Association, Arbitrator to a number of commercial arbitrations. Born in Omsk oblast, Russian Federation. Graduated from Judicial and Prosecutor Faculty of the Sverdlovsk Law Institute. Throughout the career worked as an Inspector of the Sverdlovsk Department of Internal Affairs on Transport, Judge of the Ivdel City People’s Court, Sverdlovsk oblast, Russian Federation, Deputy Chairman for criminal affairs of the Almaty City Court, Instructor and Counsel of State and Legal Department of the Central Committee of Kazakhstan Communist Party, Judge of the Supreme Court of the Republic of Kazakhstan, Deputy General Prosecutor of the Republic of Kazakhstan, Vice-Minister of Justice of the Republic of Kazakhstan, General Manager of the Negotiations and Legal Department of Tengizchevroil joint venture. Participated in the development of a number of Republic of Kazakhstan laws, in particular, «On Courts and Status of Judges», «On Prosecutor’s Office», «On Enforcement Proceedings and Law Enforcement Officers», «On Advocacy», «On Court Marshals» as well as in the development of Criminal, Criminal Procedure, Civil and Civil Procedure Codes of the Republic of Kazakhstan. Several legislative acts, such as «On Court Marshals», «On Enforcement Proceedings and Law Enforcement Officers», as well as Criminal Code were adopted by the Republic of Kazakhstan Parliament as advised by him. Was a member of the editorial boards of the «Bulletin of Supreme Court of RK», «Zan zhane Zaman» («Law and Time») journals. Founding initiator and Chief Editor of «Subsoil Use and Law» journal, published in English and Russian languages. Was awarded «Kurmet» order and medal «10 years of the Republic of Kazakhstan Constitution» for considerable input into the development of the Republic of Kazakhstan legal system. Author of over 100 academic publications, including, among others, the books: «Treatise on Law»; «Responsibility for Crimes in the Sphere of Financial and Credit Relations» (monograph, published in Russian and English); «The Issues of Statutory Regulation of Development, Production, Storage and Transportation of Sulfur» (academic and practice reference book); «Subsoil Use and Law in the Republic of Kazakhstan»; «The Issues of Legal Regulation of Subsoil Use: National Experience and International Practice»; «….And open my heart will be» (autobiographical novel). In 2010 has successfully defended a dissertation for the degree of Doctor of Law on the subject: «Theoretical and Methodological Issues of Legal Regulation of Subsoil Use: National Experience and International Practice».
МАЗМҰНЫ
1. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МӘНІ МЕН ҰҒЫМЫ 1.1 Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану құқығының ұғымы, пәні және әлеуметтік тағайындамасы 1.2 Жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықтық қатынастарды реттеудің қағидаттары мен әдістері 1.3 Жер қойнауы мен оны пайдалану құқығының нысаны мен субъектісі 1.4. Қазақстандағы жер қойнауы мен оны пайдалану құқығының тарихы мен дамуының негізгі кезеңдері 1.5 Жер қойнауы және оны пайдалану жөніндегі құқықтың Қазақстандағы құқық салалары жүйесіндегі орны 1.6 Жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеудің түйткіл мәселелері және қазіргі ахуалы 2. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ 3. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА ТӘРТІБІН ҚҰҚЫҚПЕН РЕТТЕУ 3.1 Жер қойнауын пайдалану құқығының пайда болуы, өзгеруі мен қысқартылуының негіздемелері 4. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАРЕКЕТТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ 5.2 Алыс шетелдерде жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеудің қазіргі жайы А қосымшасы. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР МЕН КЕҢЕСТЕР ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕККӨЗДЕР
АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР
Инновация - озық тәжірибе мен ғылым жетістіктерін пайдалану арқылы техника, технология, еңбекті ұйымдастыру салаларына жаңалықтар енгізу. Тұрақты даму - қоғамның осы ұрпақ қажеттіліктерін қанағаттандыруы болашақ ұрпаққа залалсыз болатындай даму, бұл - қоғамның өзінің табиғи негізін бұзбай, адамзат өркениетінің үздіксіз ілгерілеуін қамтамасыз ететін даму, басқару арқылы үйлесімді даму. «Тұрақты даму» терминін Қоршаған орта мен даму халықаралық комиссиясы (Брундланд Комиссиясы, БҰҰ, 1987) енгізген, кең қолданылатын ұғым. Жаһандану - әлемдік шаруашылық субъектілерінің еркі мен қалауынан тыс, уақыт пен кеңістікте болып жатқан объективті үдеріс. Әлемдік шаруашылық дамуының шаруашылық тіршілікті интернационалдауға негізделетін кезеңі. Институционалдау (бұл тұста құқықтық реттеу мәселелерін зерттеуге орай) - құқық тәртібінің нормативтік негіздері мен қамтамасыз етілуінің арнайы аппаратын бірлестіріп құқықты сырттай объективтендіру. Құқықтық қатынастар субъектілерінің арасында міндеттер мен құқықтарды бөлу механизмін орнықтыратын нормативті-құқықтық институттар жүйесін түзу мен қолдау институционалдаудың заңдық формаларымен жүзеге асады. Сервитут (жер қойнауын пайдалану саласында) - жер қойнауы телімінің бөлігін шектеулі мақсатта пайдалану үшін жеке және заңды тұлғаға берілетін құқық. Бұл бөлікте басқа бір адамдар барлау жүргізуі, өндіруі, барлау мен өндіруді қатарластыра жүргізуі мүмкін немесе жерасты құрылысын салуы және (немесе) пайдалануы мүмкін. Әлеуметтік инфрақұрылым - әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет нысандарының, ғимараттарының кешені. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар (амал-әрекеттер) - жер қойнауын мемлекет тарапынан геологиялық зерттеуге қатысты жұмыстар, соның ішінде жерасты суларын, емдік батпақтарды барлау мен өндіруге байланысты жұмыстар, сондай-ақ барлау мен өндіруге қатыссыз, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға қатысты жұмыстар. Жер қойнауы телімі (мұндағы «телім» сөзі «участок» деген сөздің баламасы ретінде алынды. Ал заңда «учаске» деп қазақшалағанды автор ұтымды нұсқа деп санай алмайды.) - жер қойнауын пайдалану амалдарын орындау үшін тұйықталған шекаралармен бөліп көрсетілген жер қойнауының геометриялық бөлігі. Өнімнің өміршеңдік циклы - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою мен кәдеге жарату үдерістері. Жер қабыршығы - литосфераның қалыңдығы 5 км-ден (мұхит астында) 75 км-ге дейін (құрылық астында) болатын жоғарғы, қатты бөлігі. Жер қабыршығы Жердің төменде жатқан мантиясынан Мохоровичич беті арқылы бөлініп тұрады. Литосфера - «қатты» Жердің (ғаламшардың) сыртқы сферасы, бұған жер қабыршығы мен Жердің (ғаламшардың) жоғарғы мантиясы енеді. Мохоровичич беті - Жердің (ғаламшардың) жер қабыршығының төменгі шекарасынан төмен орналасқан бөлігі. Жер мантиясы - Жер ядросын қоршап тұрған геосфера. Жер мантиясы сырт жағымен Жер қабыршығымен түйіседі, оның төменгі шекарасы шамамен 2900 км шыңырауда болады. Мантия Жер көлемінің 83%-ын, салмағының 2/3 бөлігін құрайды. Мантия температурасы 2500˚С -тан аспайды; тығыздығы төменгі қабаттарда 6 т/куб.м-ге жоғарғы қабаттарда 3.5 т/куб.м-ге дейін азайады; Жер мантиясы магний мен темірге бай ауыр минералдардан тұрады; мантияның астеносферадан басқа заттары қатты кристалл күйінде болады деп саналады. Мұны Жердің жоғарғы мантиясы ( қалыңдығы 800 - 900 км) және Жердің төменгі мантиясы (қалыңдығы шамамен 2000 км) деп бөледі. Жер ядросы - Жер ғаламшарының анағұрлым тереңдегі орталық бөлігі; Жер мантиясының астында орналасқан геосфера; болжамдарға қарағанда, басқа да сидерофилдік элементтердің қоспасы бар темір-никелді қорытпа. 2900 км тереңдікте жатады. Шеңберінің ортаңғы радиусы - 3,5 мың км. Бұл - қатты ішкі ядро (радиусы 2200 км шамасында) және сұйық сыртқы ядро (радиусы 2200 км шамасында)болып бөлінеді, екеуінің арасынан кейде ауыспалы аймақ ажыратылады. Жер ядросы орталығында температура 5000˚С-қа дейін жетеді, тығыздығы12,5 т/м3 шамасында, қысымы 361 ГПа-ға дейін жетеді, салмағы - 1,932·1024 кг. Жер беті - Жер ғаламшары қабыршығының жоғарғы қабаты, табаны, беті. Табан қабат - Жер беті ұғымымен теңдес ұғым. Дастан - Таяу және Орталық шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия фольклоры мен әдебиетіндегі эпикалық шығарма түрі. Дастандар көбіне батырлық мифтер мен аңыздарды, ертегілік сюжеттерді өңдеу арқылы жасалады. Төле би дастан жанрын дала заңдарын сипатау үшін «Жеті жарғыны» пайдаланған. Берг-Коллегия - кен өнеркәсібін басқару жөніндегі орган, 1719 жылдың 10 желтоқсанында ПетрІ бастамасымен құрылған. 1719 жылдан 1731 жылға шейінгі, 1742 жылдан 1783 жылға шейінгі және 1797 жылдан 1807 жылға шейінгі кезеңдерде қызмет атқарды. Бұл орган өз қызметінде мәртебелік құжаттарды - Берг басымдығы, Берг-регламент, сондай-ақ атаулы жарлықтар мен сенат жарлықтарын басшылыққа алды. Партикулярлық завод - жеке меншік завод (Ресей империясын Екатерина ІІ билеген кезде кеңінен қолданылған ескі термин) Турф - 1) шымтезек, шымтезекті шалшық; 2) жер табанының құрамында алтыны жоқ жоғарғы қабаты (Ресей империясында қолданылған ескі термин). Жер қойнауының тұз көмкермелік табиғаты - жер қойнауының геологиялық түзілісінің түрі мен құрылымы. Декрет - Ресейде Совет өкіметі орнаған алғашқы жылдарда Жұмысшы, солдат пен шаруа депутаттарының бүкілресейлік съезі мен басқа да орталық мемлекеттік органдар қабылдаған нормативті құқықтық актілердің бір түрі. Концессия (латынша - concession, берілген рұқсат, жол беру деген мағынада) - мемлекеттің өз табиғи байлығының, кәсіпорындары мен технологиялық кешендерінің, басқа да нысандарының бөлігін шетелдік я отандық заңды тұлғаға пайдалануға тапсыруы. Заңнамалық актілер - конституциялық заң; Президенттің конституциялық заңның күші бар жарлығы; кодекс; заң; Президенттің заңдық күші бар жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы; Сенат пен Мәжілістің қаулылары. Имплементация - (ағылшынша - Implementation) -халықаралық-құқықтық нормаларды ұлттық заңдар мен заңға тәуелді актілерге мемлекетішілік деңгейде трансформалау жолымен халықаралық міндеттемелерді нақты орындау. Мониторинг - белгілі бір нысанның немесе үдерістің жай-күйін бақылаудың әдістемесі мен жүйесі. Нысан я үдерістің дамуын, ір алуан сыртқы факторлардың ықпалының нәтижелерін тез анықтауға, бағалауға жол ашады. Мониторинг нәтижелері нысан я үдерісті басқару барысында түзету енгізуге мүмкіндік береді. Кадастр - (фран. Cadastre) — жанды-жансыз заттардың тізімі, реестрі, мысалы, жердің мемлекеттік кадастры, кен орындарының мемлекетттік кадастры, пайдалы қазбалардың мемлекеттік кадастры, техногенді минералды түзілістердің мемлекеттік кадастры. Керн (геологияда) - жер жынысының цилиндрлік үлгісі. Бұрғылау жолымен алынады және жыныстардың немесе геологиялық шөгінділердің әр түрлі қабаттарын бірдейлестіру үшін қолданылады. Құрылым (жер қойнауының) - жер қойнауы жыныстарының табиғи түрде бөлшектеніп кеткен құрылымдық бөліктерінің құрылысы, пішіні мен өлшемі. Роялти (осы зерттеу аясындағы мәні) - пайдалы қазбаларды алу мен техногендік түзілістерді қайта өңдеу үдерісінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін алынатын төлем. Бонустар (осы зерттеу аясындағы мәні) - жер қойнауын пайдаланушылардың белгіленген төлемдері. Бекітілген келісімшарттың түрі мен шарттарына орай жер қойнауын пайдаланушылар үшін қол қойылған бонус пен коммерциялық табылым бонусы белгіленуі мүмкін. Каверна - (фран. Caverne) - тау жынысындағы (жер қойнауындағы) қуыс кеңістік. Эмбарго (испан. Embargo) - мемлекеттік биліктің товарларды, валютаны, құнды қағаздар мен басқа заттарды елге кіргізуге немесе елден шығаруға салған тыйымы; белгілі бір елмен сауда жасауға толықтай я жартылай тыйым салуы. Баррель (ағылшынша - Вarrel) - мұнай мен мұнай өнімдерін өндірудің өлшемдік бірлігі; 1 баррель = 42 америкалық галон = 159 литр; 7,3 баррель = 1 тонна мұнай; 6,29 баррель = 1 куб метр. Бақылау - жүйенің қойылған мақсаттарға жетуін қамтамасыз ететін үдеріс. Бұл үш негізгі элементтен тұрады: жүйе қызметінің тексерілуге тиісті стандарттарын айқындау; қол жеткен нәтижелерді күткен нәтижелермен таразылау; басқару үдерістеріне, егер қол жеткен нәтижелер белгіленген стандарттардан едәуір өзгеше болса, түзету енгізу. Қадағалау - мемлекеттік органдардың заңдылықты сақтау жөніндегі қызметінің түрі. Мұның сот, прокурор, автор қадағалауы, конституциялық, әкімшілік қадағалау, тағы басқа түрлері бар. Функция - орган атқаратын жұмыс, міндет, қызмет-қарекет аясы. Өкілеттілік - заңды я жеке тұлғаның қандай да бір әрекеттерді орындау құқығы, сондай-ақ заңнамамен я нотариатпен белгіленген өкілдік қызметтерді атқару құқығы. Құзырлылық (латин. Competens) - белгілі бір орындар мен тұлғалардың заңдарға, нориативтік құжаттарға, жарғыларға, ережелер мен басқа да заңдық мәні бар құжаттарға сәйкес ие болатын я ие болуға тиіс өкілеттіліктерінің жиынтығы. Техногендік үдеріс (ағылшынша - Technogenesis) - адамдардың техникалық және технологиялық қарекетінің ықпалынан табиғи жағдайлар мен табиғи кешендердің өэгеру үдерісі. Коллизия (латынша Collisio) - қарама-қарсы күштер, ұмтылыстар мен мүдделердің қақтығысы. Заңдық мәнде бір мемлекеттің жекелеген заңдарының арасындағы сәйкессіздік немесе әр түрлі мемлекеттердің заңдар мен соттық шешімдерінің қарама-қайшылығы. Келісімшарттық аумақ (осы зерттеу фясындағы мәні) - геологиялық я кен иелігі арқылы белгіленген аумақ. Бұл аумақта жер қойнауын пайдаланушылар осы сала бойынша келісімшартқа сәйкес қарекеттер жасауға құқылы болады. Техногендік минералды түзілістер - жер қойнауын пайдаланушылар жүргізген кен өндіру мен байыту, металлургиялық және басқа өндіріс жұмыстарының қалдықтары болып табылатын, бірақ пайдалы компоненттерден тұратын минералды түзілістер, кен үйінділері, сұйықтар мен қоспалар шоғыры. Кең тараған пайдалы қазбалар - негізінен, жергілікті шаруашылық қажеттерін өтеуге арналған, табиғи қалпында я аздап өңдеу мен тазарту арқылы пайдаланылатын пайдалы қазбалар (құм, саз, қиыршық т.б.). Пайдалы қазба - материалдық өндіріске пайдалануға жарамды, қатты, сұйық не газ күйінде жер қойнауында болатын табиғи минералдық шикізат (бұл қатарға емдік балшықтар да енеді). Минералды шикізат - жер қойнауының жоғарыға шығарылған, құрамында пайдалы қазба (қазбалар) бар бөлігі (тау жынысы, кен шикізаты т.с.с.). Салық режимі - Қазақстан Республикасы салықтық заңдар нормаларының салық төлеушінің салық төлеуге қатысты барлық міндеттемелерін және бюджетке беретін басқа да міндетті төлемдерін есептеу кезінде қажет жиынтығы. Таза табыс (ағылшынша net income) - міндетті төлемдерді (салықтар, банкілік несие үшін пайыз т.б.) алып тастағаннан қалған табыс. Барлық шығындарды өтегеннен я алып тастағаннан соң қалған сома. Қоршаған ортаға эмиссия - ластаушы заттардың лақтырындылары, түсірінділері, тұтыну және өндірістің зиянды әсері бар қалдықтарын қоршаған ортаға орналастыру. Табиғатты арнайы пайдалану - табиғи байлықтың белгілі бір бөліктерін қоғамның шаруашылық және басқа қажеттерін өтеу үшін белгіленген заңдық тәртіппен және арнай заңдық құжатқа (мемлекеттік акт, рұқсат т.б.) сүйеніп белгіленген мақсатқа сәйкес пайдалану мүмкіндігі. Экологиялық рұқсатнама - қоршаған ортаға эмиссияларды шығару жөнінде жеке және заңды тұлғаларға берілген құқықты куәландыратын құжат. Супервайзер (англ. Supervisor) - басқарудың төменгі буынындағы лауазым (орта буындағы басшы). Inter alia (лат. термин) - «басқалардың арасында, басқа заттардың я істердің арасында» деген мағынада. Құқық, заң аясында, заңдық құжаттарда, заңгерлердің сөз саптасында қолданылады. Халықаралық шартты денонсациялау (француз сөзі: denoncer) - екітарапты халықаралық шарттың ықпалын тоқтатудың немесе көптарапты халықаралық шарттан шығудың анағұрлым кең тараған тәсілі. Геологиялық иелік - барлауға, барлаумен бірге өндіру жөніндегі келісімшартқа қосымша. Келісімшарттың бөлінбес бөлшегі болып саналады, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізуге құқылы телімнің сұлба-сызбасы мен сипаттамасын көрсетеді. Кен иелігі - жер қойнауының өндіруге, барлау және өндіруге қатыссыз жерасты құрылыстарын салу мен пайдалану жұмыстарын жүргізуге құқылы бөлігін графикалық және сипаттамалық тұрғыдан белгілейтін құжат. Өндіру, қоса барлау, барлау және өндіруге қатыссыз жерасты құрылыстарын салу мен пайдалану жұмыстарын жүргізу және (немесе) кең тараған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі келісімшарттың ажырамас бөлігі болып есептеледі. МегаПаскаль - Бірліктердің халықаралық жүйесі бойынша қысым мен механикалық кернеу бірлігі. Цельсия - 1 градус (1˚С) атмосфералық қысымда судың қайнауы мен мұздың қату температураларының айырмасының 1/100 бөлігіне тең жылу шкаласы. Мұнда мұздың ери бастайтын деңгейі - 0˚С, судың қайнауы 100˚С болып саналады. Бұл өлшемді швед астрономы әрі физигі Андерс Цельсий (1701 - 1744 жж.) ұсынған. Неоком шөгінділері - бор дәуіріндегі жер қойнауының төменгі бөлігі (төменгі жиек).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |