Осы редакция 2018 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2017.25.12. № 650 бұйрығымен 16-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына 16-қосымша
«Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн; 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 30 минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|