ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2017 жылғы 29 қараша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті депутаттар! Баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Прошу, уважаемые коллеги, пройти процедуру регистрации. Тіркеу режимі қосылсын. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді. Енді, құрметті депутаттар, күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші мәселе - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Ж. Әбдірайымның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы. Осы мәселе бойынша сөз Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызына беріледі. СҮЛЕЙМЕН Л.Ж. Құрметті Төраға! Құрметті депутаттар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Парламент Мәжілісіне ұсынған ұсынымының мәтінімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайымның оның орнынан түсуі туралы өтініші негізінде өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу туралы сіздерге ұсыным енгізіп отыр. Комиссия төрағасы Берік Имашев. Тиісті құжаттар қолдарыңызда бар.
ТӨРАҒА. Рақмет. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|