Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына біліктілік талаптарын бекіту туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 15-НҚ нормативтік қаулысы (2018.21.12. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 17-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына біліктілік талаптарын бекіту туралы туралы» Есеп комитетінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 5-НҚ нормативтік қаулысының (2017 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы нормативтік қаулының көшірмелерінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін. 5. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|