ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 2017 жылғы 20 желтоқсан
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті депутаттар! Баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Уважаемые коллеги, прошу всех вас пройти процедуру регистрации. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді. Енді, құрметті депутаттар, күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші сұрақ - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сәрсембаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы. Бұл мәселе бойынша сөз Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы депутат Әбдіров Нұрлан Мәжитұлына беріледі.
ӘБДІРОВ Н.М. Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы! Құрметті әріптестер! Өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәрсембаевтың өтініші Парламент Мәжілісіне келіп түсті. Марат Алданғорұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2015 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған болатын. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәрсембавтың өз өтініші бойынша өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамыз. Қолдауларыңызды сұраймын.
ТӨРАҒА. Рақмет. Нұрлан Мәжитұлына сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|