«Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 356 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10806 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартында: 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Энергияны есептеу тәртібі заңнамалармен немесе тараптардың келісімімен айқындалады. Электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланбайтын тұтынушылар төлем құжатын ұсынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде немесе тұтынушы мен өнім беруші арасындағы келісім бойынша Шартта келісілген мерзімде төлемді өтейді. Электр энергиясын тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланатын тұтынушылар төлемді есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүргізеді. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Өнім беруші электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары көрсеткіштерінің немесе Шарт талаптарына сәйкес тұтынудың басқа есебінің негізінде есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей тұтынушыға төлем құжатын жазып береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|