|
|
|
ҚАЛАЙ ҒАЛЫМ БОЛУҒА БОЛАДЫ Майдан Сулейменов Заң ғылымының докторы
«Қазақ ССР-нің азаматтарына коммунистік құрылыстың мақсатарына сәйкес ғылыми, техникалық және көркем творчество бостандығына кепілдік беріледі». (Қазақ ССР- нің Конституциясы. 45-статья). Қоғамның қажаттеріне сәйкес мемлекет ғылымының дамуы мен ғылыми кадрлар даярлау ісінің жоспарля түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді. Ғылыми зерттеудің нәтижелерін халық шаруашылығына және өмірдің басқа да салаларына енгізуді ұйымдастырады». (Қазақ ССРөнің Конституциясы. 26-статья). Қазақстанның ғылыми туралы оның толассыз табыстары жайында көп жазуға болады. Мен басқаша жазйын: өзімнің әріптесім және досымның тағдыры туралы? Ғылыммен айналасу өміріне, кәсібіне айналып кеткен көптердің бірі туралы айтқалы отырмын. Нәжіметдин Мұхитдиновтың өмірбаяны қарапайым. Өзің ғылымға арнаған советтік мындаған ұл мен қыз осындай жолдан өтеді. Нәжіметдин Шымкент облысындаколхозшы семьясында туған, қазақ мектебін бітірген соң Алматыға, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуга түсуге келеді№ Барлық емтиханды өте жақсы бағаға тапсырып, оқуға түседі. Заң факультетіне конкурстын үлкен болатынын ескеру керек:бір орынға 7-10 үміткерден келеді. Соңдықтан да қабылдау комиссиясы үшін ең қалаулыны таңдау күрделілене түседі. Нәжіметдин екінші курстан бастап азаматтық, сонан кеін колхоз және жер правосы проблемаларына құмартады. Барлық жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарын өз бетімен жүргізу үшін ең қолайлы жасалған. Әрбір института, университетінің әр факультетінің жанында совет басқаратын студентердің ғылыми қоғамы (C.Ғ.Қ.) бар, оларға мейлінше дарынды және ұйымдастырушылыққабілеті бар студенттер кіреді. С.Ғ.Қ комсомол комитетінің басшылығымен жұмыс істейді, әдетте СҒҚ-ның председателі комсомол комитетінің мүшесі болады. Студенттердің ғылыми советі өзінде ғылыми салалары бойынща студентердің ғылыми үйірмелерінің жүйесін құрайды. Ұйірмелер тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен жұмыс істейді, бірақ оған студенттердің өзі сайлаған старосталар басшылық жасайды. Егер бұған біз СҒҚ- ның Советін де студенттердің өзі сайлатынын қоссақ, онда біздің алдымызда студенттердің өзін-өзі басқару формасы шыға келеді. Нәжметдин Мұхитдинов азаматтық право ұйірмесінде жұмыс істейді. Ол өте күрделі де жаңа проблеманы таңдап алды: «Колхозаралық құрылыс ұйымдарының праволық ережелері». Ол кезде бұл ұйымдар енді-енді ұйымдастырылып жатқан№ Сондықтан да олардың праволық статусы, правосы мен міндеті, қоғамдық өндірісті жүйесіндегі орнын айқындаудың көитеген проблемалары болды. Студент Мұхитдинов осы проблемамен төрт жыл бойы айналысты. Оның диплом жұмысы ең үздіктердің бірі ретінде бағаланады. Осыған байланысты ол Москвадағы СССР Ғылым академиясының мемлекет және право Институтына аспирантураға кепілдеме алды. Аспирантурада оқу мерзімі үш жыл. Осы мерзім ішінде кандидаттық минимум бойынша үш емтихан тапсыру керек: диалектикалық және тарихи материализм, шерел тілдерінің бірінен (ағылшынша, немісше немесе французша) және өз мамндығы бойынша. Аспирантқа стипендия төленеді. Сырттан келгендердің бәрі де жатақханамен, әдетте бір-екі аспирантқа бір бөлме бөлінеді. Әрбір аспирантқа ғылыми жетекші бекітіледі, жыл сайын аттестация жүргізіледі. Егер аспирант өзінің ғылыми зерттеуіндегі жеке графиктерді орындай алмаса, диссериацияны аяқтауға үміт болмаса, оны аспирантурадан шығарып жіберуі де мүмкін. Нәжметдинге мұндай қауіп төнген жоқ. Ол колхозаралық ұйымдардың праволық қызметі туралы проблеманы зерттеуді онан әрі жалғастырып, арада үш жыл өткенде заң ғылымның кандидаты ғылыми дәрежесін алу жөніндегі диссертацияны ойдығыдай қорғап шықты. Алматыға оралған кейін Мұхитдинов Қазақ ССР Ғылым академиясының Философия және право институтында бастапқыда кіші, екі жылдан кейін аға ғылыми қызметкер болып істейді. Оны кеоген бойда-ақ дирекцияға шакырды. Тау-кен правосының проблемаларының жасаудың аса қажеттіг айқындалды. Қазақстан Совет Одағындағы аса куатты тау-кен өндірісі дамыған республика болсада, тау-кен правосының ісі дамымай, сол бастапқы қалпында қозғалыссыз қалған екен. Жас ғалымға (ол кезде жиырма бес жаста) осы проблеманы жасауға кіріспесіз бе деген жасалды. Әрине, бұрыннан таныс тақырып тастауға да жаны ашыды. Өйткені, бул кезде колхозаралық ұйымдар дамып және нығайып, зерттеуге қажет проблемалар да көбейіп, осылардың өзі болашақ докторлық жұмыстың жүгіне жетті. Бірақ, ғалымға әлі де қолға алынбаған, республика үшін аса қажет іс ұсынылды. Ол бұрынғы таныс жолданшығып, жана соқпақпен жүріп, істі шын мәнінде басынан қолға ады. Он бес жыл бойы дамылсыз жүргізілген жұмыстың қорытындысы бірнеше монографиялар мен Қазақ ССР-ның қазба байлықтары тұралы Кодекстің жобасын жасауға белсенділікпен және тікелей қатысу, ең соныңда тау-кен правосының териялық проблемасы туралы қорғалған докторлық диссертация болды. Нәжметдиннің зайыбы Баян да ғалым, химия ғылымның кандидаты, Қазақ ССР Ғылым академиясы Химия ғылымдары институтының аға ғылыми қызметкері. Мұхитдиновтардың екі ұлы бар, кішісі Нұрлан үшінші класта, үлкені Асқар қазір тоғызыншы класта оқып жұр, ол да әкесі сияқты болашақта юрист болғысы келеді. Бұл кәдімгі ғалымдар семьясы. Әрине, әркім де Нәжметдин сияқты қырық жасында ғылым докторы бола бермейді. Ал ғылым кандидаттары қазір көп. Нәжметдин Мұхитдинов екеуміз жұмыс істейтін Философия және право институтында «үқ қызметкер бар, олардың ішінде 14 доктор мен 37 ғылым кандидаттары жұмыс істейді. 140 тан 200 сомға дейін, ғылым кандидаттары 210-нан 320-ға дейін, ғылым докторлары 350 -ден 450 сомга дейін (институттың категориясына және ғылыми стажына байланысты) еңбеқақы алады. Бұл аса көп те емес. Мамн жұмысшылар әдетте ғылым кандидаттын кем алмайды.Сондықтан да СССР-де қалыптасқан ғылымдардың мамндығы тек материалдық артықшылығымен сүйемелденбейді, кайбір жеңілдіктері бар творчестволық өсу мұмкіндігімен айқындалады. Ғылым кандидаттарының қосымша тұрғын ұй көлемін алуына болады. Олардың демалыс мерзімі де көбірек, аяқтау үшін ұзақ мерзімге творчестволық демалыс алуына болады. Мұндай жеңілдіктердің бәрі де ғалым жұмысының творчестволық мәніне байланысты екенін аңғару қиын емес. Ең соңында КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Д.А.Қонаев жолдастың Қазақстан Компартиясы XVсъезінде жасаған баяндамасында айтылған бірнеше цифрды келтіргім келеді. Қазақстан ғылымның ұйытқысы 700 -ден астам докторлары мен 10 мың ғылым кандидаттары болып табылады. Республиканың ғалымдары бірқатар аса маңызды ғылыми бағыттарды талдап зарттеді. Олардың көптеген зерттеулері бүкіл әлемге белгілі (мәселен, металлургиялық процестердің негізін зерттеу, жоғары тербелісті металл алу, диалектикалық логиканың проблемаларын жасау және басқалар). Бесжылдық ішінде ( 1976-80) Қазақ ССР Ғылым академиясының ғалымдары 800- ге жуық өнертапқыштың авторы болып, солар арқылы өндіріске 500-ден астам ұсыныс арқылы жасалып, оларды енгізу арқылы 200 миллион сом экономикалық тиімділік енді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |