«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында: мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: «11-1. Тиісті қаржы жылындағы түсімдер бойынша талдамалық есепте осы Нұсқаулыққа 2-1-қосымшаға сәйкес нысанда Қазақстан Ұлттық банкінің төлем құжаттары негізінде шетел валютасындағы шоттар бағдармалық сыртқы қарыз қаражатар бойынша деректер көрсетіледі.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Өңірлер бөлінісінде жыл басынан бастап республикалық және жергілікті (облыс бюджеті, аудан бюджеті) бюджеттер кірістерінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалмау себептерін талдау осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.»; 28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тоқсан сайын (І тоқсанның қорытындыларынан бастап) есепті тоқсаннан кейінгі 25-і күніне дейін және қаржы жылының қорытындылары бойынша - есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органдарға осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыс бөлігінің атқарылуы туралы талдамалы есепті ұсынады.»; 30-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|