Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы
Қабылданды - ҚР 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VІ Заңын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 301 ҚаулысыменҚР Заңының жобасы ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлді
Осы Заң тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-бап. Осы Заңның мақсаты және міндеттері 1. Осы Заңның негізгі мақсаты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар мен қызметті мемлекеттік реттеу негіздері мен қағидаттарын құру болып табылады. 2. Осы Заңның негізгі міндеттері: 1) тарихи-мәдени мұра объектілерін мемлекеттік қорғау және пайдалану жүйесін дамыту; 2) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, зерделеу, сақтау, пайдалану және оларға мониторингтеу қағидаттары мен тәртібін белгілеу; 3) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды регламенттеу; 4) мемлекеттік органдардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы құзыретін белгілеу; 5) жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы құқықтары мен міндеттерін регламенттеу; 6) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|