Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көзделген штат санының бекітілген лимиті шегінде мына: 1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Кеген аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы»; 2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Астана қаласы Байқоңыр ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемелері құрылсын. 2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ақмола облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Еңбекшілдер аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Ақмола облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Біржан сал ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. 3. Мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|