ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) оқушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру объектілерін орналастыруға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге, пайдалануға беруге, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жылытуға, жарықтандыруға, желдетуге, микроклиматқа, күтіп-ұстауға және пайдалануға, білім беру, тұру жағдайларына, өндірістік практикаға, тамақтандыруды ұйымдастыруға, оқушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. Осы Санитариялық қағидалар қызметі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оларға білім беру ұйымдарын (объектілерін) жобалаумен, салумен, реконструкциялаумен, жөндеумен, пайдаланумен байланысты барлық жеке тұлғалардың, заңды және жеке кәсіпкерлердің орындауы үшін міндетті болып табылады. Қызметі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және оларға білім берумен байланысты заңды және жеке тұлғалар қызметін (білім беру қызметін көрсету, оның ішінде оқыту, тұру, тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету, дене тәрбиесі) бастар алдында осы Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады. 2. Осы Санитариялық қағидалар: 1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын - мектептер, гимназиялар, лицейлер; техникалық және кәсіптік оқу, ортадан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын - кәсіптік лицейлер, училищелер, колледждер, жоғары техникалық мектептер (бұдан әрі - ТжКБ); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|