Салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 16-НҚ нормативтік қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 557-бабы 3-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тізбесі бекітілсін. 2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы нормативтік қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|