Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ (Астана қ., 2017 жылғы 23 қарашада)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 9 шілдедегі № 411 Қаулысыменбекітілді 2018 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Уағдаласушы Тараптар» деп аталады) өзара қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ете отырып, халықаралық қылмыстың таралуына алаңдаушылық білдіре отырып, ұйымдасқан қылмыстың, терроризмнің және қылмыстық әрекеттің өзге де түрлерінің кез келген нысанына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына немесе олардың тиімді жолын кесуге кәміл сене отырып, өз мемлекеттерінің халықаралық міндеттемелері мен тиісті заңнамасын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Келісімнің мақсаты қылмыстық әрекеттердің жолын кесуде және ашуда, сондай-ақ қылмыскерлерді анықтауда, ең алдымен жедел ақпарат алмасу және барлық деңгейлердегі құзыретті органдар арасындағы тікелей байланыстар арқылы ынтымақтастықты тереңдету және нығайту болып табылады. 2. Осы Келісімнің негізіндегі ынтымақтастық Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек беруді қамтымайды.
1. Уағдаласушы Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес мыналарды: 2) терроризмді, экстремизмді және оны қаржыландыруды; 3) жеке тұлғаға және халықтың денсаулығына қарсы қылмыстарды; 4) адам саудасын, жеңгетайлықты, адам органдары мен тіндерін заңсыз саудаға салуды; 5) балаларға сексуалдық зорлық көрсетуді және балалар порнографиясын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|