Қазақстан Республикасында жедел медициналық жәрдем автомобиль көлік құралдарына таңбаланатын қосымша белгілер мен жазбалардың номенклатурасын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 811 бұйрығы
«Жедел және арнайы қызметтер автомобильдері, автобустары мен мотоциклдер. Түстіграфикалық схемалар, танымдық белгілер, жазулар, арнайы жарықтық және дыбыстық сигналдар» 1863-2008 ҚР СТ Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына (бұдан әрі - Мемлекеттік стандарт) сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаларға жатқызылған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерінің жедел медициналық жәрдем автомобиль көлік құралдарына таңбаланатын қосымша белгілер мен жазбалардың номенклатурасы айқындалсын. 2. Мемлекеттік заңды тұлғаларға жатқызылған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілері жедел медициналық жәрдем автомобиль көлік құралдарының осы бұйрыққа қосымшаның талаптарына және Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етсін: 1) қайта сатып алынатындар - 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап; 2) 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыстағылар - кезең-кезеңмен, 2018 жыл бойына. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті мемлекеттік заңды тұлғаларға жатқызылған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілеріне осы бұйрықтың көшірмесін жолдауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.M. Ақтаеваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 811 бұйрығына қосымша
Мемлекеттік заңды тұлғаларға жатқызылған Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|