ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 194 бұйрығымен бекітілген
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (2016.29.08. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) ауруханаішілік ауру - медициналық ұйымға жүгінгеннен кейін немесе медициналық көмек алғаннан кейін, медициналық ұйымда болған уақытында немесе медициналық көмек алғаннан кейін инкубациялық кезеңде науқаста пайда болатын кез келген инфекциялық ауру, сондай-ақ медициналық ұйым қызметкерінің медициналық ұйымдағы жұмысы салдарынан болатын инфекциялық ауру; 2) ауыр жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі - АЖРИ) - пациентті дереу емдеуге жатқызуды қажет ететін және анамнезінде ауру басталғаннан бастап 7 күн ішінде кемінде бір рет байқалатын >380С жоғары температурамен немесе қызумен, жөтелмен, ентігумен немесе тыныс алудың қиындауымен сипатталатын ауру; 3) бактерия тасымалдаушылық - аурудың клиникалық көріністерсіз инфекциялық (паразиттік) аурулар қоздырғыштарының адам немесе жануар организмінде сақталуымен және қоршаған ортаға бөлінуімен сипатталатын инфекциялық процестің нысаны; 4) бактериофагтар - бактериялық жасушаны зақымдауға және оны ерітуге бейім бактерия вирустары; 5) бас тарту - туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастың медициналық құжаттамада белгіленген, дәрігер тағайындаған емдеуден бас тартуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|