Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы Конвенцияны толықтыратын
ҚР 2018 жылғы 8 желтоқсандағы № 199-VІ Заңымен ратификацияланды
ОСЫ ХАТТАМАҒА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТЕР бүкіл әлемде азаматтық авиацияның қызметіне заңсыз араласу актілерінің өршіп тұрғанына ТЕРЕҢ АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРЕ ОТЫРЫП, азаматтық авиацияға қарсы жаңа қатер түрлері мемлекеттерден жаңа келісілген күш-жігер мен ынтымақтастық саясатын талап ететінін МОЙЫНДАЙ ОТЫРЫП, мұндай қатерлерге қарсы барынша тиімді іс-қимыл жасау үшін әуе кемелерін заңсыз басып алу актілерімен немесе оларға бақылау жасауды жүзеге асырумен күресу және Конвенцияның тиімділігін арттыру мақсатында 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы конвенцияның ережелерін толықтыратын ережелер қабылдау қажет деп ЕСЕПТЕЙ ОТЫРЫП, ТӨМЕНДЕГІЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:
Осы Хаттама 1970 жылғы 16 желтоқсанда Гаагада қол қойылған Әуе кемелерін заңсыз басып алумен күрес туралы конвенцияның (бұдан әрі «Конвенция» деп аталатын) ережелерін толықтырады.
Конвенцияның 1-бабы мына мәтінмен алмастырылады:
«1-бап
1. Кез келген адам, егер ол пайдаланылып жатқан әуе кемесін заңсыз немесе әдейі түрде басып алса, немесе оған күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен немесе басқа да қорқыту нысандары арқылы немесе кез келген техникалық құралдардың көмегімен бақылауды жүзеге асырса, қылмыс жасаған болып табылады. 2. Кез келген адам, сондай-ақ, егер осы адам: а) осы баптың 1-тармағында көрсетілген қылмысты жасау қатерін төндірсе; немесе b) кез келген адамнның осындай қылмыс жасалу қатерімен қорқытылуын заңсыз және әдейі түрде туындатса, қатер нақты болып табылатынын куәландыратын мән-жайларда, қылмыс жасаған болып табылады. 3. Кез келген адам, сондай-ақ, егер осы адам: а) осы баптың 1-тармағында көрсетілген қылмысты жасауға ұмтылса; немесе b) осы баптың 1, 2 немесе 3 а) тармақтарында көрсетілген қылмыстардың қайсыбірін жасау мақсатында басқа адамдарды ұйымдастырса немесе оларға басшылық жасаса; немесе Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|