«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында: 29-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) басқаруы: конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеу (өткізбеу), конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімдерін ауыстыру, шарттар жасаспау, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу қажеттілігі, төлем құжаттарын ұзақ келісу, жоспарланған іс-шараларды уақтылы өткізбеу, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өнім берушілер нарығын сапасыз талдау, казынашылық органында тіркеуге арналған шарттардың кеш ұсынылуы, қазынашылық органына төлемге шоттың кеш ұсынылуы, құжатты орындамай қайтару (дұрыс ресімдемеу, ерекшелікті дұрыс қолданбау, ақша алушылардың деректемелерінің сәйкес келмеу себебі бойынша және басқалар), аванстық төлем мөлшерінің азаюы, шарттың келісу сатысында болуы, конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуі, техникалық-экономикалық негіздемелерді, қаржы-экономикалық негіздемелерді, жобалау-сметалық құжаттамаларды түзету, бюджет қаражатының талап етілмеуі, көтерінкі құндық және сандық көрсеткіштер жатады;»; 34-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|