Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 2/16 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 10-11-1982 ақпараттық хатының негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3191 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 6 желтоқсанында жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 қосымшада: 1 тармақтың 7) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «7) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|