«Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9852 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 қарашасында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) 2014 жылғы 1 қарашадағы № 102 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е статистикалық есеп нысанда: «Тергеу және анықтау бөлімшелерінің негізгі көрсеткіштері» № 1-кестесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; «Бұлтартпау шарасын таңдау бойынша тергеу және анықтау бөлімшелерінің көрсеткіштері» № 4-кестесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды есепті құрастыру бойынша Нұсқаулықта: 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «10. «Қылмыстық қудалау органдарының негізгі көрсеткіштері» есебінің № 1-кестесі СДТБТ-де толтырылатын ЭАЕҚ негізінде автоматты режимде қалыптастырылады, бұл кесте қылмыстық қудалау органдары жұмыстарының негізгі көрсеткішін белгілейді.»; 12, 13, 14, 15-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «12. Кесте жолдары қылмыстық қудалау органдары жұмыстарының негізгі көрсеткіштерін қамтиды, оның ішінде есепті мерзімнің басында өндірісте тұрған істердің қалдықтары (1-жол), өндіріске алынған істер (2-жол), есепті мерзімде өндірісте тұрған істер саны (15-жол), электрондық форматта тағайындалды (16-жол). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|