ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 127 бұйрығымен бекітілген
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 2. Осы Санитариялық қағидалар: 1) үй-жайларды және жабдықтарды күтіп-ұстау; 2) медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көму; 3) науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ медицина персоналының еңбек жағдайлары; 4) медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилдеу және дезинфекциялауды жүргізу; 5) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтиды. 3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым - сырқаттанушылықтың алдын алу және оны төмендету, науқастарды анықтау, ауруханаға жатқызу, науқастарды стационарлық қадағалаумен, тексерумен, емдеумен және оқшаулаумен байланысты емес білікті медициналық көмек көрсету бойынша профилактикалық қызметті жүзеге асыратын шаруашылық етуші денсаулық сақтау субъектілері; 2) антисептик - микробтарды жою мақсатында теріге немесе тінге қолдануға арналған микробқа қарсы химиялық агент; 3) антисептика - емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық үдерістің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы әлеуетті қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы; 4) асептикалық бөлімше - науқаста іріңді инфекция болмағанда медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жайлар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|