Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімінің нысанын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімінің нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін мерзімдік баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 364 бұйрығына қосымша
Нысан
Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімі
Мен, (астын сызу): пациент/заңды өкілі: __________________________________________________________________________________________________, (пациенттің/заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|