Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 - 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 Қаулысы (2021.31.12. берілген өзгерістермен)
Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 - 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі − Жоспар) бекітілсін. 2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Жоспарды орындауға жауапты мүдделі ұйымдар (келісім бойынша): 1) Жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдасын; 2) жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жылына екі рет, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2021.30.11. № 853 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 982 Қаулысымен (бұр.ред.қара) іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 қаулысымен бекітілген
Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|