«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2010 жылы № 2, 368-қ. жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларында: 58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «58. 013 «Бюджеттік кредиттер» баланстан тысқары шотында республикалық бюджеттен берілген және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттерінен алынған бюджеттік кредиттер, сондай-ақ аудандардың бюджеттеріне (облыстық маңызы бар қалалардың) облыстық бюджеттер берген бюджеттік кредиттер есепке алынады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|