Ақтөбе қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен тәртібін бекіту туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 5158 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақтөбе қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн. 2. Ақтөбе қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі 23 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 3801 «Ақтөбе қаласының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4537 тіркелген, 2015 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық бекітілген тәртіппен қамтамасыз етсін: 1) аумақтық әділет органында осы қаулыны мемлекеттік тіркеу; 2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялау үшін осы қаулыны жіберу; 3) аталған қаулыны Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|