«Денсаулық сақтау жүйесін жаңарту жөніндегі республикалық штабты құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 54 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 492 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Денсаулық сақтау жүйесін жаңарту жөніндегі республикалық штабты құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 54 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасының жобалық топ құрамы бекітілсін.»; көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша мынадай мазмұндағы 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтармен толықтырылсын: «15. Жобалық топтың (бастаманың) құрамына басшы, жобалық менеджер және аналитик кіреді. 16. Жобалық топтың (бастаманың) басшысы жобалық топқа (бастамаға) жалпы басшылықты жүзеге асырады, жобалық топтың (бастаманың) шешіміне қол қояды, соның ішінде: 1) жобалық топтың (бастаманың) жұмысын үйлестіруді және жауапкершілікті бөлуді; 2) күрделі мәселелерді шешуге көмек және қолдау көрсетуді; 3) ақылдастар алқасын ұйымдастыруды; 4) жобалық топ (бастама) жұмысының сапасын бақылауды; 5) бағалау мен тәлімгерлікті; 6) жобалық топтың (бастаманың) алдына міндет қоюды; 7) түпкі нәтижелердің сапасына қойылатын талаптарды түсіндіруді; 8) жұмыстың нәтижелерін күнделікті қадағалауды; 9) жол картасының, жоба (бастама) бойынша желілік кестенің орындалуын мен уақтылы өзектендіруді қадағалауды, тапсырылған мерзімге сәйкес нақты іс-әрекеттердің орындалуын бақылауды; 10) жобаны (бастаманы) тұрақты мониторингтеу үшін қажетті деректерді жинақтауды ұйымдастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|