«Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13137 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары бекітілсін.»; осы бұйрықпен бекітілген Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары.»; 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Негізгі ережелер»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 55) тармақшасына сәйкес және меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды айқындау үшін әзірленген.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Білім алушылардың тілдік емес және тілдік пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Білім беру деңгейлері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемшарттары»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|