|
|
|
Станислав Шевердяев: «Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңдар жылдам өзгереді, алайда, үкіметтердің ашықтық, есептілік және транспаренттік стандарттары одан да жылдам өзгеріп отырады»
Станислав Шевердяев, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Заң факультетінің Консититуционализм және жергілікті өзін-өзі басқару ғылыми-оқыту орталығының атқарушы директоры, заң ғылымдарының кандидаты - Станислав, сіздің кәсіби қызығушылықтарының түрлі елдердегі конституциялық құқықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды және сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегияларының жүзеге асырылуын зерттеумен байланысты. Сонымен қатар сіз «ашық үкімет» ұстанымдарын зерттеумен және ілгерілетумен де айналысасыз. Қазір Қазақстанда «ашық үкімет» жөнінде көп айтылып жүр. Халықаралық стандарттар тұрғысынан алғанда ол өзі не? - Ең алдымен «ашық үкімет» деген не екенін және не емес екенін анықтап алайық. «Ашық үкімет» туралы айтылғанда жол берілетін үш адасу бар. Біріншісі - «ашық үкімет» деген - үкіметтік ақпараттың мол болуы деп санап адасу. Екінші адасу - «ашық үкімет» электрон үкіметке пара-пар және электрон қызмет көрсету мен тұтынушыға ақпарат жеткізудің жаңа технологиялары дегенді білдіреді деп есептеу. Ал үшінші адасу - «ашық үкімет» ақпаратқа қол жеткізу құқығымен кепілдендіріліп қойған деп есептеу. «Ашық үкіметке» қатысты бұл үш ұйғарым да неліктен адасу? Біріншіден, үкіметтік ақпараттың мол болуы азаматтардың үкіметке деген сенімін арттырмайды, ал «ашық үкіметтің» басты бөлігі - сол сенім. Екіншіден, ақпарат еркіндігі немесе ақпаратқа қол жеткізу туралы заңдардың көбі интернет пен мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алу мүмкіндігі шыққаннан әлдеқайда бұрынырақ пайда болған. Сондықтан да «ашық үкімет» деген - «электронды үкімет» емес. Үшіншіден, «ашық үкіметке» бір ғана - ақпаратқа қол жеткізу құқығы кепілдік бере алмайды. «Ашық үкімет» принциптерін енгізу және жүзеге асыру конституциялық құқықтар мен еркіндіктердің біразын: мемлекеттік органдарға жүгіну құқығын, мемлекет істерін бақаруға қатысу құқығын және т.б. көздейді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында (ЭЫДҰ) қабылданған қазіргі заманғы стандарттарға сай, «ашық үкімет» - бірнеше факторлардың: мемлекеттік басқару органдарының транспаренттігі мен есептілігі және қоғамның мемлекетті басқару процесіне араласуының жиынтығы. «Open Government Partnership» Халықаралық серіктестік стандарттары бұдан да әрі кетіп, «ашық үкімет» ұстанымдарына мемлекеттік қызметшілер мен сайланатын тұлғалардың активтерін ашық декларациялауды да қосады. Сондықтан, әрине, ақпаратқа қол жеткізу туралы заңдар шапшаң өзгереді, алайда, үкіметтердің ашықтық, есептілік және транспаренттік стандарттары одан да жылдамырақ өзгеріп отырады. - Қазақстан «ашық үкіметтің» қазіргі заманғы талаптарына қаншалықты сай? - Қазірдің өзінде «ашық үкіметті» ендіру үшін құқықтық негіз қалыптасқан - 2015 жылы үш: «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңдар қабылданған. Осы үш заң да, тиімді пайдаланылса, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге де, үкіметтік есептілігін арттыруға да, қоғамдық қатысудың түрлі үлгілерін дамытуға да ықпал ете алады. Бірақ, ол үшін бұл заңдарға әлдеқандай құқықтық тексеріс жүргізу қажет. Әр заңда «ашық үкіметтік» қазіргі заманғы сипаттарына сай келу үшін бір-екі басты ереже жетіспейді. - Қандай ережелер? - «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңында бұл - ақпараттың әуел бастан ашықтық презумпциясы және осы заңның сақталуына инстутициялық бақылау жасайтын органның болуы. Меніңше болғанда, билікке адал ниеттестердің арнайы жиыны - қоғамдық кеңестер құрудың ешқандай мәні жоқ. Қазақстанда азаматтардың ненізгі саяси құқықтарына Конституция кепілдік беретіндіктен, азаматтық қоғамның тәуелсіз институттарымен серіктестік пен ықпалдастық механизмдерін ретке келтіріп, қолдау қажет. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңындағы мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар мен өге тұлғалардың активтерін декларациялауды енгізу туралы ережелерді қолдау керек. Бұл - билік органдарындағы есептілікті арттырып, сыбайлас жемқорлық қауіпін азайтуға бағытталған қазіргі заманғы сарабдал саясат. Алайда, осы аталған артықшылықтардың бәрін мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар мен өзге тұлғалардың активтерін декларациялауды енгізудің 2020 жылға қалдырылуы және қазір осыған мүлде қарама-қарсы ереже әрекет етіп отырғаны, яғни, деклациялар ашық жарияланудың орнына, мемлекеттік құпия деп танылуы жоққа шығарып отыр. Әрине, бұл - артқа шегіну және «ашық үкіметтің» қазіргі заманғы стандарттарынан тым артта қалу. - Қазақстан үкіметі мен парламентіне «ашық үкіметтің» құқықтық және конституциялық негізін реформалау үшін не ұсынуға болады? Меніңше, Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы, мүмкіндігі зор құқықтық бағдарларға назар аударып, оларды стратегиялық құжаттарды әзірлеу кезінде басшылыққа алған маңызды болар еді. Олар - Европа Кеңесі, ЭЫДҰ және «Ашық үкімет серіктестігі» халықаралық бастамасының стандарттары. Одан кейін тек сол стандарттарды бұлжытпай орындап отыру ғана қажет. Мысалы, ЭЫДҰ жұмыс құжаттарында «ашық үкімет» идеалдарын жүзеге асыру талаптарын толық көлемде орындауы үшін мемлекет жасауға тиіс қадамдардың реті нақты көрсетілген. Олардың негізгілері арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады: 1) Тренспаренттік идеясының конституциялық мәтінмен және доктринамен өзара байланысын қамтитын, жақсы анықталған және жасалған заң аялары, сондай-ақ, ақпараттың қолжетімдігінің кеңінен танымал принциптерін ашатын ақпаратқа қол жеткізу туралы заң болуы; 2) Үкіметтік бастамалардың бәрін үйлестіретін және «ашық үкімет» міндеттерімен байланысты міндеттемелердің орындалуын бақылайтын үкіметтік орталық (агенттік) болуы; 3) «Адам ресурстарын» басқаруды ұйымдастыру, яғни, ашықтық жағдайында жұмыс істеуге қабілетті мемлекеттік қызмет кадрларын даярлау; 4) «Ашық үкімет» саласындағы бастамаларды қаржыландыру, технологиялық инфрақұрылымды жетілдіруге және қолдау көрсетуге қажет қорлар бөлу; 5) Мемлекетті басқару ісіне ақпараттық технологияларды енгізу.
Қазіргі таңда Қазақстанда ҚР Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы ықпалдастықтың елдік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр және бұл - ЭЫДҰ мүше елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесі мен үздік практикаларын ескере отырып, елде «ашық үкіметті» енгізу мен дамытуға жақсы негіз. Өзге ұсыныстар жоғарыда атап өткен үш заңды, яғни, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарды реформалауға қатысты болуы мүмкін. Оларды ақпараттың еркіндігі, есептілік және азаматтардың қатысуы саласындағы халықаралық принциптерге сәйкестендіру керек. Соңғы ұсыныс - Қазақстанның «Ашық үкімет серіктестігі» (Open Government Partnership), халықаралық бастамасына қосылуы. Бұл бастама қатысушыларына мемлекеттің басқарушылық және шаруашылық қызметінің түрлі секторларындағы ашықтықты бағалаудың бай әдіснамасын, сондай-ақ, мемлекеттерде қазір бар мәселелерді талқылап, олардың шешімін бірлесе іздеу үшін тақырыптық жұмыс топтарына қосылу мүмкіндігін ұсынады. Қазақстанның бұл серіктестікке қосылуға мүмкіндігі зор екенін айта кеткім келеді. Тек, мемлекеттік қызметшілер активтерін декларациялаудың ашық жүйесін енгізу міндеттемесі ғана жетіспей тұр.
- Сұхбатыңызға рахмет! Наталья Архипова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |