Қылмыстық істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы (2023.16.01. берілген өзгерістермен)
Істерді бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы заңнама нормаларын біркелкі және дұрыс қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсіндірмелер беруге қаулы етеді. ҚР Жоғарғы Сотының 2022.22.12. № 10 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 629-1-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстарға ғана қолданылады. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау нәтижесі бойынша жаза ретінде айыппұл және ҚК-нің айып тағылған бабының санкциясында көзделген белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі міндетті қосымша жаза, егер ҚК бабының санкциясында осы құқықтан айырудың белгілі бір (нақты) мерзімі белгіленсе, тағайындалады. Егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) бабының санкциясында негізгі жаза түрлерінің бірі ретінде айыппұл көзделмесе, бұйрықтық іс жүргізу жүзеге асырылмайды. 2. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы мәселені шешу тиісті қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған нақты адам анықталғаннан кейін мүмкін болатынын ескерген жөн. Қылмыстық процесті жүргізетін орган бұйрықтық іс жүргізуді қолдану үшін қылмыстық істі бөлектеп алған кезде ҚПК-нің 44-бабының талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|