Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 106-1551 қаулысына 2-қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 106-458 Қаулысымен күші жойылды
«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) регламентін «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдармен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде); 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі: 1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті беруші дәрігерінің қабылдауына алдын-ала жазылу журналына жазылу және дәрігердің қабылдау кестесіне (бұдан әрі - кесте) сәйкес дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып ауызша жауап беру; 2) порталға электронды форматта жүгінген кезде - «жеке кабинетінде» электрондық өтінім мәртебесі түріндегі хабарлама. Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта медициналық көмек көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|