Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) ағымдағы жөндеу - жабдықтың (қондырғының) қалыпты пайдаланылуына кедергі келтіретін және оларды жұмыс істеп тұрған жабдықта жою мүмкін емес, анықталған ақауларды жою үшін орындалатын жөндеу; 2) байпас - жылу жеткізгіште бекіту және реттеуіш арматурасына қатарлас тасымалдау үшін қолданылатын айналма жылу құбыры; 3) жабдық - белгілі бір технологиялық схемамен біріктірілген механизмдер, машиналар, құрылғылар, аспаптар жиынтығы; 4) жарамды күйі - жабдықтың, ғимараттардың және (немесе) құрылыстардың нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық (жобалау) құжаттамасының барлық талаптарына сәйкес келетін күйі; 5) жөндеу - жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жұмысқа қабілеттілік күйін және (немесе) жарамды күйін қалпына келтіру және олардың құрамдас бөліктерінің ресурсын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|