Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 106-1551 қаулысына 4-қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 106-458 Қаулысымен күші жойылды
«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) регламенті «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11304 болып тіркелген) бекітілген «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар, Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат. Анықтама оны берген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|