ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІ (Алтыншы сайланымның үшінші сессиясы) Стенограмма
2018 жылғы 16 мамыр
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІНІҢ БАСЫЛЫМЫ Астана 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ
2018 жылғы 16 мамыр
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. НЫҒМАТУЛИН жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Баршаңызды тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Прошу всех вас пройти процедуру регистрации, уважаемые коллеги. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. Құрметті әріптестер, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын. Нәтижесін экранға беріңіздер. Күн тәртібі бекітілді. Құрметті депутаттар, енді күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшеміз. Бірінші мәселе - Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. Бұл мәселе бойынша сөз Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы депутат Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызына беріледі.
ҚАРАҚҰСОВА Г.Ж. Рақмет. Құрметті Төраға! Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасының Үкіметі 2018 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті енгізді. 2018 жылғы 14 мамырда Парламенттің қарауына Есеп комитетінің 2017 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі енгізілді. Бюджеттің атқарылуы 2017 жылы 99,8 пайызды құрады. 21 миллиард теңге игерілмеді. Комитет аталған есептер бойынша 2018 жылғы 20 маусымға дейін қорытынды әзірлеуге дайын. Қолдауларыңызды сұраймын.
ТӨРАҒА. Рақмет. Гүлжан Жанпейісқызына сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Қандай пікірлеріңіз болады? Қолдаймыз ғой?
ОРНЫНАН. Қолдаймыз.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|