Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағын Конституциялық Кеңестiң Төрағасы Ю.А.Ким және мүшелерi Н.И.Акуевтен, О.Қ.Ықсановтан, В.В.Мамоновтан, С.Н.Сәбiкеновтен, С.Ғ. Темiрболатовтан, В.Д.Шопиннен тұратын Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 1-тармағы 4-тармақшасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы желтоқсанның 29-ындағы "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы", конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы негiзiнде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісiнiң Төрағасы М.Т.Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағын ресми түрде түсiндiру туралы өтiнiшiн ашық отырыста қарай келiп, мыналарды анықтады: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісiнiң Төрағасы М.Т.Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағын ресми түрде түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы З.Балиеваның өтiнiшке қоса берiлген хатында "Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын орындаудың тәртібі мен тәсiлдерi жайлы мәселелердi шешу процесiнде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 52-баптың 3-тармағын түсiндiруде қиындықтарға жолыққандығы атап көрсетiлген. "Парламент Депутаттарының оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе қадағалаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ" дегендi қалай түсiнуге болады деген мәселе туады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|