Парламенттің және оның Палаталарының өкілеттігін белгілейтін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституциялық Кеңестің Төрағасы Ю.А.Ким, Конституциялық Кеңестің мүшелері Н.І.Өкеев, В.В.Мамонов, С.Н.Сәбікенов, С.Ғ.Темірболатов қатысқан құрамда 1997 жылғы 15 қазандағы ашық мәжілісте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы М.Т.Оспановтың Парламенттің және оның Палаталарының өкілеттігін белгілейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57 баптарын ресми түсіндіріп беру туралы өтінуін қарады. Мәжіліске өтіну субъектісінің өкілі заң шығару және сот-құқық реформасы жөніндегі Комитеттің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты И.К.Елекеев; Парламент Сенатының өкілдері - заң шығару және сот-құқық реформасы жөніндегі Комитеттің хатшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А.К.Котов; Парламент Сенаты Аппаратының заң шығару бөлімінің консультанты К.А.Мәутенбаева; маман, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигі С.З.Зиманов қатысты. Баяндамашы, Конституциялық Кеңестің мүшесі Н.І.Өкеевтің хабарын, И.К.Елекеев, А.К.Котов және К.А.Мәутенбаеваның сөздерін, академик С.З.Зимановтың қорытындысын тыңдап және қолда бар материалдарды зерттей келе, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі ұйғарды: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|