Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот ісін жүргізу Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн: 1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 1999 ж, № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат): 1) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын: "28-бап. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың соттауына жататын азаматтық істер 1. Облыстық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттар ретінде: 1) талап қою бағасы арызды беру кезіне заңмен белгіленген он бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын кезде тараптары заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар болып табылатын мүліктік даулар жөніндегі; 2) тараптардың бiрi халықаралық немесе шетелдік ұйым болып табылатын; 3) министрліктер, басқа да республикалық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын, есеп беретiн органдардың нормативтік құқықтық актілеріне дау айту туралы; 4) аумақтық сайлау комиссияларының референдум, Қазақстан Республикасы Президентінің, өкiлдi органдар депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткізу жөніндегі шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) азаматтардың дау айтуы туралы азаматтық iстердi қарайды. 2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi лауазымды адамдарының заңға қайшы әрекеттерiне талап қоюы жөніндегі iстердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, министрлiктер мен басқа да республикалық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын, есеп беретiн органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, ұйымдардың құқықтарына қатысты нормативтiк емес актілеріне дау айту туралы iстердi Астана қаласының соты қарайды"; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|