Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, A.K.Котов және Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың: өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Республика Парламентi Сенатының депутаты Е.Ж.Жұмабаевтың, Республика Жоғарғы Сотының судьясы Ж.Н.Бәйiшевтiң, Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың, Республика Орталық сайлау комиссиясының мүшесi В.К.Фоостың, Республика Әдiлет вице-министрi М.Қ.Раевтың қатысуымен, өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады. Қолдағы бар материалдарды зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi А.К.Котовты, өтiнiш субъектiсi өкiлiнiң, отырысқа қатысушылардың сөздерiн және сарапшы - заң ғылымының кандидаты, Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң доцентi Қ.Ж.Қапсалямовтың қорытындысын тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 3 және 5-тармақтарын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн конституциялық iс жүргiзуге қабылдады, бұл өтiнiште өтiнiш субъектiсi мынадай сұрақтарды түсiндiрудi сұрайды: 1) "Парламент депутатының өкiлеттiгi тоқтатылады" және "Парламент депутаты өз мандатынан айрылады" деген ұғымдардың мазмұны мен заңдық салдары жағынан ара қатынасы қандай? 2) Парламент депутатына қатысты заңдық күшiне енген айыптау үкімі бар болған жағдайда Парламент Палатасы оны өз мандатынан айыру немесе айырмау туралы шешiм қабылдауға хақылы ма? Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|